04.03.2024, 13:38 49211

Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі құлап кетті

Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі құлап кетті
2024 жылғы 3 наурызда сағат 16:15-те Қызылсай - Манкент аралығының Арыс - Түлкібас учаскесінде теміржол көпірі қоршауына бекітілген баннер салмағынан автомобиль жолының жүріс бөлігіне қоршау құлады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Орын алған жағдай теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ, пойыздар қауіпсіздігіне қауіп төнбеді. Жолдардағы пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ.

20 минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың жүріс бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты.

Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны