16.04.2024, 12:40 54081

Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалды

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде
Ағымдағы жылғы 9 сәуірде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды.​"


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны