16.03.2024, 14:52 35636

Қызылорда облысында бассейнде суға батқан бала құтқарылды

Қызылорда облыстық ҚАЖД бастығы бассейнде суға батқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев демалыс орнына отбасымен барған. Қайтуға жиналып жатқанда әйелдің бассейннен шыға алмай қалған баланы құтқаруды сұраған айқайлаған дауысын естіді. Бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқаған Есенкелдиев бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шықты.

Бар ойым бассейннен баланы аман-есен алып шығу болды. Бала көкпеңбек болып, демала алмай жатты. Жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Содан соң есін жиған жасөспірімді жедел-жәрдем қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Жағдайын хабарласып біліп отырдым. Мен бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын. Өзім де әкемін, 8 балам бар. Бұл бала тоғызыншы балам болады", - дейді ҚАЖД бастығы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны