07.03.2024, 19:56 58526

Жетісу облысында өртеніп жатқан пәтерден екі бала құтқарылды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Жетісулық құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден екі баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 наурыз күні сағат 10:18-де Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қабылданған шаралар барысында баспалдақ маршы арқылы екі азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы екі бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады ведомстводан.


Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған. 20 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 10:57-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны