23.12.2025, 20:50 102711
Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 11-ші конференциясына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Екі жылда бір рет өткізілетін конференция биыл Доха қаласында 170 мемлекеттен 2 500-ден астам қатысушыны жинады. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері болды.
Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, сондай-ақ Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кірді.
Жалпы пікірталастарда делегация басшысы - ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі директорының орынбасары Данияр Ақжанов - Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына берік бейілділігін растап өтті. Мемлекетіміздің ұлттық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатқаны, бұл ретте БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен басқа да халықаралық серіктестердің белсенді қолдауы мәлімденді.
Сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ағымдағы институционалдық өзгерістер туралы ақпарат ұсынылып, бұрын қабылданған барлық халықаралық және ведомствоаралық міндеттемелердің сақталатыны аталып өтті.
Баяндамада құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ашықтықты арттыруға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды енгізуге ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, озық тәжірибелермен алмасуға және ведомствоаралық әрі мемлекетаралық деңгейлерде бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес тек тұрақты диалог, серіктестік және инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы мүмкін екенін атап өтті.
Конференция аясында шет мемлекеттердің делегацияларымен бірқатар екіжақты кездесулер де өтті. Келіссөздер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланып, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру саласындағы тәжірибе, үздік практикалар мен сараптамалық әзірлемелер алмасу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.04.2026, 20:30 451
Қазақстан мен Татарстан жазушыларының әдеби байланыстары кеңейе түсуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Татарстан Республикасы Жазушылар одағының ұйымдастырушылық қолдауымен екі республика әдебиетшілерінің өзара іс-қимылын кеңейтуге арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құттықтау сөзін Татарстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы Ркаил Зайдулла, Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, әдебиеттанушы Дидар Күлкенов, Татарстан Республикасының халық ақыны Радиф Гаташ, жазушы Алена Каримова және басқалар сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар екі республиканың әдебиетшілері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, жеке тұлғаны қалыптастырудағы әдебиеттің маңыздылығы, тілді сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және мәдени мұраны танымал ету мәселелерін талқылады. Ұлттық авторлардың жарияланымдары халықтардың мәдениеті, әдебиеті, дәстүрлері мен тарихы туралы түсінік береді.
Бұдан басқа, жинақтар мен авторлық шығармалар шығару, кітапхана қорларына беру және жетекші халықаралық және өңірлік кітап көрмелеріне қатысу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік және қоғамдық мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2026, 19:28 596
Қазақстан мен Финляндия экономика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның экономика Министрі Сакари Пуистомен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
А.Әбдіраимов Министрге Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жақында өткен республикалық Референдумның қорытындылары туралы хабардар етті. Өз кезегінде С.Пуисто Қазақстанды Референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, бұл қадамның елдің одан әрі саяси және экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.
Қазақ дипломаты Қазақстанның Финляндиямен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін және туризм мен экономика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Ол екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуеті қазіргі деңгейден әлдеқайда жоғары екенін айтып, жаңа бастамалар серіктестікті дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Келіссөздердің негізгі өзегі туризм саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды. Тараптар фин азаматтарының Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасына деген қызығушылығы артып отырғанын, сондай-ақ екі ел арасындағы туристік ағынды ұлғайту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Тікелей бағыттарды кеңейту, бірлескен туристік өнімдерді ілгерілету және заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды. Министр С.Пуисто Финляндияның тұрақты туризм саласындағы серіктестікті тереңдетуге және инновациялық шешімдерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті.
Туризмнен бөлек, тараптар экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын да талқылады. Инвестициялық өзара іс-қимыл, инновацияларды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, "жасыл" экономика және жоғары технологиялық салалардағы технологиялармен алмасу мәселелері сөз болды.
Тараптар белсенді диалогты жалғастыру және Қазақстан мен Финляндия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде нақты қадамдар әзірлеу туралы уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2026, 18:27 8131
Қазақстан CERAWeek конференциясында мұнай саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында қазақстандық дпелегация "Мұнай нарығының жаһандық болжамы: іргелі факторлар және геосаяси турбуленттілік" атты сессияға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласының қазіргі жағдайын таныстырды. Елдің әлемдік нарыққа сенімді энергия ресурстарын жеткізуші ретіндегі рөлін сақтап отырғаны аталып өтті.
Министр сала алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, атап айтқанда Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортталатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін белгіледі. Бұл бағыттың ұлттық экономика үшін аса маңызды екені және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі ерекше аталып өтті.
Сондай-ақ, баяндамада мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр салықтық жеңілдіктерді көздейтін және геологиялық барлау мен көмірсутектер өндіруге жаңа инвестициялар тартуға бағытталған Жетілдірілген үлгілік келісімшарттың қолданыста екенін атап өтті.
Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарлар да айтылды. Қазақстан мұнай өңдеу қуаттарын екі есеге арттыруды көздейді, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азия өңіріндегі мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің жайғасымын нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, CERAWeek конференциясы аясында Энергетика министрі Е.Ақкенженов АҚШ Энергетика министрі К.Райтпен және америкалық ірі мұнай-газ компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2026, 17:21 1001
Қазақстан мен Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшісі Асқар Құттықадам Сингапурдың Сауда және индустрия министрлігінің Америка, Еуропа және Орталық Азия департаментінің директоры Жасмин Куа Зубайр ханыммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, жаһандық экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қазақстан Елшісі сингапурлық тарапты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануы туралы хабардар етті. Бұл оқиға Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы сапалы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Мемлекеттік басқарудың ашық әрі тұрақты жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ басқа да маңызды жаңашылдықтар мемлекет пен бизнес арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға ықпал ететіні аталып өтті.
Тараптар халықаралық экономиканың қазіргі жай-күйін, соның ішінде жаһандық нарықтардың фрагментациясын, инвестициялар үшін бәсекенің күшеюін, сондай-ақ геосаяси шиеленіс пен логистикалық тәуекелдердің әлемдік экономикаға әсерін талқылады.
А.Құттықадам Қазақстанның ағымдағы экономикалық көрсеткіштері туралы мәлімет берді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрағаны атап өтілді. Негізгі драйверлер ретінде өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қызмет көрсету секторлары айқындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты өсімді қамтамасыз ету және ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған стратегиясының арқасында Қазақстан алғаш рет әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына енді.
Сұхбаттаушылар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын, оның ішінде энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект, су технологиялары, "жасыл экономика", сондай-ақ стратегиялық маңызды минералдар мен инновациялық әзірлемелер салаларын талқылады.
Инвестициялық ынтымақтастық аясында қазақстандық тарап Alatau City көпфункционалды урбанистік кластер жобасын таныстырды. Бұл жоба сингапурлық компаниялар үшін Қазақстан, Орталық Азия және іргелес өңірлер нарықтарына шығудың перспективалы платформасы ретінде ұсынылды.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді толыққанды іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, жақын арада осы Келісімнің іске асырылуын қарау жөніндегі Бірлескен комитеттің алғашқы отырысын өткізуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу барысында сингапурлық тарап Қазақстанның экономикалық өлшемі айқын халықаралық бастамалары туралы хабардар етілді, оның ішінде 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы бар.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге және кең ауқымды бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады, оның ішінде жоғары және ең жоғары деңгейдегі өзара сапарларға дайындық аясында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2026, 16:18 1141
Қазақстан мен Вьетнам су ресурстары және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның Метеорология, гидрология, қоршаған орта және теңіз ғылымдары институтының (Institute of Meteorology, Hydrology, Environment and Marine Sciences, IMHEMS) директоры Фам Тхи Тхань Нгамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі бағыттары мен ғылыми және экологиялық салалардағы бірлескен жұмыс перспективалары талқыланды.
Тараптар 2025 жылы дипломатиялық қатынастардың 33 жылдығын атап өту аясында Қазақстан мен Вьетнам стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін, бұл гидрология, су қауіпсіздігі, климатқа бейімделу және экологиялық даму салаларында ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Қазақстан Елшісі вьетнамдық тарапты су саласындағы еліміздің басымдықтары, соның ішінде халықаралық су ұйымын құру бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы туралы хабарлады. Бұл бастама жаһандық су мандатын біріктіруге және халықаралық су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын тілге тиек етті. Вьетнам тарапы 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға мүдделілік білдіріп, тәжірибе алмасуға және ғылыми ынтымақтастыққа дайындығын танытты.
Кездесу барысында жаһандық су мәселелеріне, оның ішінде халықаралық сын-қатерлерге, оның ішінде трансшекаралық ресурстар мен климат өзгерісі салдарына тиімді жауап беру тұрғысынан БҰҰ басқару құрылымын реформалау қажеттілігіне, саясат үйлесімділігін жақсартуға және су мандатын біріктіруге қатысты мәселелер қаралды.
Институт директоры Фам Тхи Тхань Нга IMHEMS қызметі таныстырылып, Вьетнамның ЮНЕСКО бағдарламаларына, соның ішінде Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасына белсенді қатысатынын айтты. Бағдарлама ғылыми ынтымақтастық, су ресурстарын бақылау, сел мен құрғақшылық тәуекелін басқару және кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталғанын жеткізді.
2025 жылғы қазан айында Вьетнам төрағалығымен өткен Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша ЮНЕСКО Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасының 32-сессиясына және 2026 жылғы қыркүйекте Қытайда өтетін 33-сессияға назар аударылды. Институт директоры Қазақстан тарапын Вьетнам төрағалығымен өтетін халықаралық іс-шараларға, соның ішінде 2026 жылғы 15 мамырда өтетін Метеорология, гидрология, қоршаған орта және теңіз ғылымдарында жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдану: үкімет-академиялық-өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту бойынша халықаралық семинарға қатысуды қарастыруға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға, ғылыми алмасуды кеңейтуге және су қауіпсіздігі, гидрология және тұрақты даму бойынша бірлескен жобаларды әзірлеуге қызығушылық танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2026, 13:33 296
Қазақстан мен Пәкістан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Премьер-министрінің туризм жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Сардар Ясир Ілияс Ханмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың ақпан айында Исламабадқа жасаған мемлекеттік сапарының негізгі қорытындылары туралы айтып берді.
Екі тарап өткен келіссөздер мен іс-шараларға жоғары баға беріп, олардың жоғары өнімділігі мен сапалы мазмұнын атап өтті.
Сонымен қатар, сапар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде туроператорлар, қонақ үй кешендері, бейінді оқу орындары арасында байланыс орнату мәселелерін талқылады.
Ұлттық үйлестіруші биыл Қазақстан қалаларына бару және Қазақстанның туристік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және іскер топтармен кездесулер өткізу үшін делегация ұйымдастыруға ниет білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2026, 21:15 8486
Қазақстан мен Өзбекстан одақтастық қатынастарды дамытуды және стратегиялық диалогты нығайтуды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ташкентке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары көп қырлы қазақ-өзбек ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін қарастырып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Тараптар достыққа, өзара түсіністікке және тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастықты тереңдетуге бейілділіктерін растады.
Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында соңғы жылдары қазақ - өзбек қатынастары сапалық жаңа деңгейге көтеріліп, барлық деңгейлерде жоғары даму қарқынын көрсетуде", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Өз кезегінде Б.Саидов екі ел президенттері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейтуге ұзақ мерзімді бағытты айқындағанын растады.
Осы тұрғыда сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2024-2025 жылдары өткен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші және екінші отырыстары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру шараларын жан-жақты талқылап, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.
Соңғы жылдары экономикалық ынтымақтастықты тереңдету бағытында елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Қазақстан Өзбекстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарында тұрақты түрде орын алады. 2025 жылы өзара сауда көлемі 16,2 пайызға артып, 5 млрд АҚШ долларына жуықтады", - деді Е. Көшербаев. Қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары деңгейде іске асыру аясында министрлер экономикалық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, оның ішінде өзара сауда көлемін 10 млрд долларға дейін ұлғайтуға жәрдемдесу ниеттерін растады.
Сондай-ақ, тараптар қазіргі таңда жалпы көлемі 1,8 млрд долларды құрайтын 78 инвестициялық жобаны қамтитын өнеркәсіптік кооперация саласындағы жетістіктерді атап өтті.
Осы тұрғыда "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салу, Астана қаласындағы "Ташкент" және Ташкент қаласындағы "Астана" қонақ үйлерінің, сондай-ақ "Янги Ташкенттегі" "Астана" орамының құрылысы сияқты жобаларды іске асыру барысы қаралды.
Кездесу барысында екі елдің Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Еуропа нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін көлік дәліздерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді. Осы бағыттағы жемісті өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктері білдірілді.
Сонымен қатар, екі ел арасындағы берік және ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың негізі болып табылатын мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі атап өтілді.
Сондай-ақ, тараптар білім беру саласындағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын, атап айтқанда, Алматы қаласындағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты мен Шыршық қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалдарының жұмысын атап өтті.
Министрлер сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделіліктерін растады және екі мемлекеттің бастамаларын ілгерілетуде өзара қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік ынтмақтастықты дамыту мен Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026-2027 жылдарға арналған Казақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2026, 20:48 19626
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық тандемді нығайтуды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ташкентке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбаттасу барысында Ш.Мирзиёев екі мемлекет арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізін және ізгі тілектерін жеткізіп, жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы туралы хабардар етті.
Бүгінде қазақ-өзбек қатынастары халықаралық аренадағы сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылады. Бұған, ең алдымен, жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сенімді саяси диалог ықпал етуде", - деді Е.Көшербаев.
Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де талқыланды.
Қазақстан мен Өзбекстанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, сондай-ақ өңірлік кооперацияны одан әрі дамытудың, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
02.04.2026, 10:06"Әлем тірі": Алматы аспанындағы тырналардың ұшуы жұртты толқытты
26.03.2026, 20:42 175481Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 19:28 175176Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 175111Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 175041Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 173716Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
17.03.2026, 17:12 252836Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 252611Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 252351Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді04.03.2026, 10:54 239476Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады16.03.2026, 16:56 237966Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді

