15.06.2026, 15:45 32896
Қазақстан мен Швеция cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссия құрды
Сурет: KAZAKHSTAN TODAY
Достарға айту
Қазақстан мен Швеция сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған жаңа тетік құрды. Тараптар екіжақты комиссияны құру туралы меморандумға қол қойып, оның алғашқы отырысын өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2026 жылдың 10-12 маусым аралығында Қазақстанға Швецияның Сыртқы істер министрлігінің сыртқы сауда мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диана Янсе ресми сапармен келді.
Сапардың негізгі нәтижесі Қазақстан-Швеция сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссияны құру туралы меморандумға қол қою және комиссияның алғашқы отырысын өткізу болды", - деді Ерлан Жетібаев.
Комиссияның алғашқы отырысында тараптар тау-кен металлургия кешені, сирек жер металдары, машина жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және медициналық технологиялар, орнықты даму мен цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ швед компанияларының қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларды практикалық тұрғыда ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 09:58 1446
Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронаны қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты мажар әріптесіне екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен А.Исетов Будапештпен орнықты әрі өзара тиімді байланыстарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды.
Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде елдеріміз стратегиялық серіктестіктің орнатылғанына он жыл толуын атап өтті. Ашық диалог қағидаттарына сүйене отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілете дамыту үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет деп санаймын", - деді Министрдің орынбасары.
Елші О.Рона миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін қазақ тарапына алғысын білдірді. Мажар дипломаты өз елінің Қазақстанмен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Кездесу соңында А.Исетов мажар дипломатына сәттілік және алдағы барлық жоспарларының жүзеге асуын тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 19:58 11876
Ташкентте «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының саммитіне дайындық мәселелері талқыланды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы жоғары лауазымды тұлғаларының екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында қатысушылар алдағы Саммитке дайындық барысын талқылап, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ә.Бақаев Саммитке дайындық жөніндегі бірлескен жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өтіп, аталған іс-шара өңірдегі орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетудің тиімді алаңына айналуға тиіс екенін айтты.
Сонымен Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чонг Ый Хиемен жеке келіссөздер өткілді.
Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінмен дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-корей әріптестігін одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара дайын екендерін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 14:42 17651
ЕАЭО мен БАӘ преференциялық сауда аймағын құрмақ
Достарға айту
Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Келісім қазақстандық тауарларды Біріккен Араб Әмірліктері нарығына шығаруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, тараптар тауар номенклатураларының кемінде 85%-ы бойынша тарифтік ырықтандыруға (импорттық кедендік баждарды алып тастауға) келісті. Сонымен қатар, Әмірліктер тарапы 6757 тауарлық позицияға (86,0%) преференциялар ұсынады. Оның ішінде 6565 позиция бойынша импорттық кедендік баж мөлшерлемелері нөлге дейін төмендетіледі, ал 192 тауарлық позиция бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз импорттауға арналған тарифтік квоталар белгіленеді.
Осылайша, БАӘ тарапы 6757 тауарлық позицияға (86,0%) преференциялар береді: 6565 позиция бойынша импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін нөлге дейін төмендету арқылы, ал 192 тауарлық позиция бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз әкелуге тарифтік квоталар белгілеу арқылы", - деп мәлімдеді Мәжілісте.
Ратификацияланған келісім Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің берік негізіне айналмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 14:34 18071
Орталық Азия елдері БҰҰ Жарғысына қол қою мерейтойына арналған "UN80" іс-шарасына қатысты
Достарға айту
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері БҰҰ Жарғысына қол қою мерейтойына арналған "UN80" іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Анналена Бербок мүше мемлекеттерді Жарғының кіріспесінде бекітілген негізгі идеялар мен құндылықтарды бейнелейтін символикалық құжатқа қол қою арқылы БҰҰ Жарғысына деген бейілділігін қайта растауға шақырды.
Орталық Азия мемлекеттері бұл бастамаға бірлесіп қосылған алғашқы өңірлік топ болды. Бұл өңір елдерінің БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, көпжақтылыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа және халықаралық құқыққа ортақ бейілділігінің айқын көрінісі болды.
БҰҰ Жарғысы күні жыл сайын 26 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1945 жылғы 26 маусымда Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына қол қойылуының құрметіне белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 14:29 18356
Қазақстан мен Сербия халықаралық аренадағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан мен Сербия халықаралық аренадағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Дамьян Йовичпен кездесу барысында Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылап, сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволардың көпжақты форматтағы өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасты.
Елші М.Атамқұлов серб әріптестеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын дәстүрлі түрде қолдап келе жатқаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Д.Йович ресми Белградтың Қазақстан Республикасымен серіктестікті одан әрі тереңдету бағытына бейілділігін растады.
Кездесу қорытындысында тараптар тұрақты диалогты жалғастыруға және халықаралық аренадағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендіктерін тағы да растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 12:33 20566
Қазақстан мен Түркия екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру перспективаларын талқылады
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы халықаралық-құқықтық мәселелер бойынша консультациялардың кезекті раунды өтіп, іс шараға ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов пен Түркия Республикасы СІМ Халықаралық құқық және шарттар департаментінің бас директоры Фират Сүнел қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасының қазіргі жай-күйі және оны одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың құқықтық аспектілерін талқылап, халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Консультациялар конструктивті ахуалда өтіп, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының құқықтық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілікті растады.
Тараптардың келісімі бойынша консультациялардың келесі раунды Қазақстан Республикасында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 11:12 21996
Қазақстанның Мароккодағы елшісі CGEM Төрағасымен екі елдің бизнес қауымдастықтары үшін өзара қызығушылық тудыратын нақты жобаларды талқылады
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мароккодағы Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Касабланка қаласында ұйымның штаб-пәтерінде өткен Азия-Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері елшілерінің Марокконың Бас кәсіпорындар конфедерациясының (CGEM) Төрағасы Мехди Тазимен кездесуіне қатысты. Сондай-ақ, Марокко Корольдігінде аккредиттелген Қазақстан, Әзербайжан, Австралия, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Корея Республикасы, Малайзия, Таиланд және Филиппин дипломатиялық миссияларының басшылары да қатысты, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері елшілер тобының дуайені ретінде сөз сөйлеген С.Сайлауқызы Азия мемлекеттері мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың елеулі әлеуетін атап өтіп, өзара сауда, инвестициялар және іскерлік байланыстарды арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым белсенді пайдаланудың қажеттігін айтты.
Өз сөзінде қазақстандық дипломат қазақ-марокко ынтымақтастығының серпінді дамуына мысал келтірді. Атап айтқанда, 2021 жылы Қазақстанның Мароккода Елшілігі ашылған сәттен бастап екіжақты сауда көлемі 68%-ға өсіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша 460 млн АҚШ долларынан асты. Екі ел арасындағы іскерлік және туристік алмасулардың кеңеюіне визасыз режимнің оң әсері де ерекше атап өтілді.
Елші Қазақстан-Марокко Іскерлік кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды. Оның алғашқы отырысы ағымдағы жылдың шілде айында Касабланка қаласында өтеді деп жоспарлануда. Іс-шараға қазақстандық бизнес өкілдерінен тұратын кең делегацияның қатысуы күтілуде, бұл екі елдің іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытудағы маңызды қадам болмақ.
Кездесуді ашқан CGEM Төрағасы Мехди Тази Марокконың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістерімен таныстырып, ел экономикасының тұрақтылығын және оның Африка, Еуропа және араб әлемі түйіскен стратегиялық орналасуын атап өтті. Ол сондай-ақ екіжақты іскерлік кеңестерді құруды саяси диалогты бірлескен жобаларды іске асырудың практикалық деңгейіне көшірудің тиімді тетігі ретінде маңызды деп бағалады.
Талқылау барысында дипломатиялық миссиялардың басшылары өз елдерінің Мароккомен қарым-қатынастарының оң серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстармен алмасты.
Іс-шара аясында Қазақстан Елшісі С.Сайлауқызы мен CGEM Төрағасы Мехди Тази арасында жеке кездесу өтті. Тараптар Қазақстан-Марокко Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысына дайындық барысын, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ екі елдің бизнес қауымдастықтары үшін өзара қызығушылық тудыратын нақты жобаларды талқылады.
Өткен кездесу азиялық бизнес қауымдастығының Марокко нарығына деген өсіп келе жатқан қызығушылығын растады және Азия елдері мен Марокко арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 10:07 22256
Қазақстан мен Испания белсенді саяси диалогты жалғастыруға өзара мүдделі
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігінің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақ делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал испандық делегацияны Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің Сыртқы және жаһандық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес басқарды.
Консультациялар барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы қазақ-испан стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.
Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды. Испания Қазақстанның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екені атап өтілді. Бұған 2025 жылы 1,93 млрд АҚШ долларын құраған екіжақты сауданың тұрақты көрсеткіштері дәлел бола алады. Тараптар көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері, агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.
А.Исетов Қазақстанның Испанияны Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын және өзара құрмет, сенім мен прагматикалық ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.
Өз кезегінде, Д.Мартинес Испания тарапының Қазақстанмен көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын растап, экономикалық және гуманитарлық салаларда бірлескен жобаларды іске асыру үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.
Консультациялар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және белсенді саяси диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.06.2026, 10:34Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады 18.06.2026, 09:58 1411Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады18.06.2026, 10:18 571Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы 251 млн теңгеден астам субсидия жымқырылған18.06.2026, 11:12 261Алматы облысында ондаған адам сушиден уланып қалды
12.06.2026, 20:00 132536Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132056Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131346Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129356Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128976Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251676Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237386Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207816ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194891Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194871Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

