22.04.2025, 17:18 60401
Қазақстан мен Түрікменстан тауар айналымын миллиард долларға дейін ұлғайтуға ниетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен саналатын Түркістан қаласына сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.
Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Газ саласында, сондай-ақ көлік-логистика бағытында стратегиялық маңызды жобалар бар. Біз бұл жұмыстарды бақылауда ұстаймыз. Өйткені оның нәтижесі қазақ-түрікмен экономикалық байланыстарын одан әрі өркендетуге ықпал етеді", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Оның айтуынша, БҰҰ қолдаған бұл бастама Түрікменстанның әлемдік деңгейдегі абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді.
Халк Маслахатының Төрағасы Мемлекет басшысына киелі Түркістанда қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстан Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін жеткізді.
Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасы мол. БҰҰ аясында Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылын жариялау жөніндегі Түрікменстанның бастамасына қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыты бойынша сан қырлы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланды.
Өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін байланыстарды дамытудың тың мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі атап өтілді.
Газ саласындағы серіктестікті кеңейту, нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді.
Мемлекет басшысы "Тургунди - Герат - Кандагар - Спин-Булдак" темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты. Сонымен қатар Солтүстік - Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда "Қазақстан - Түрікменстан - Иран" темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан "Түрікменбашы - Гарабогаз - Қазақстан шекарасы" автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.
Бұдан бөлек, кездесуде білім беру, цифрландыру салаларындағы өзара тиімді ықпалдастық мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.06.2025, 09:37 481
Қазақстанға Болгария президенті ресми сапармен келеді
8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.06.2025, 14:39 9761
Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 18:31 33996
Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық оң серпін көрсетіп отыр - Тоқаев
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, оның бірінші "Орталық Азия - Италия" саммитіне қатысуы мемлекетаралық көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Экономикалық байланыстарда нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп есептеймін. Басқа да салалар бойынша, әсіресе, мәдени-гуманитарлық бағытта ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Күн тәртібіндегі жобаларды жүзеге асыруға қос тарап та күш жұмылдыратынын ескерсек, өзара тиімді қарым-қатынастың келешегі зор", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, қазір Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық өркендеп, көптеген негізгі салаларда оң динамика байқалады.
Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны және "Орталық Азия - Италия" саммитін табысты өткізгені үшін алғыс айтты.
Орталық Азия елдері мен Италия жоғары деңгейдегі осындай форматта тұңғыш рет келіссөз жүргізіп отыр. Саммит қорытындысы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін", - деді Түрікменстан Президенті.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ыстық ықыласын жолдап, оның жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 17:10 34221
Мемлекет басшысы бірінші "Орталық Азия - Италия" саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы бірінші "Орталық Азия - Италия" саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келгені және бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесуге бастамашы болғаны үшін Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге ризашылығын білдірді.
Сізді елордамызда қарсы алу - мен үшін үлкен мәртебе. Соғыстан кейінгі жылдарда Италия Үкіметінің басшылығына жеткен алғашқы әйелсіз. Әлемдік қоғамдастық мойындағандай, қазіргі заманның белгілі, тіпті, аса көрнекті саяси қайраткерісіз. Сіздің ішкі сын-қатер мен халықаралық проблемаларға қатысты көзқарасыңызбен және іс-әрекеттеріңізбен толықтай келісемін. Астана халықаралық форумына қатысып, мазмұнды баяндама жасағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің сөзіңізді саяси және сарапшылар қауымдастығы өте жақсы қабылдады", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқан және өңірлік кооперацияға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жиында айтылған ұсыныстардың барлығы отырыс қорытындысы бойынша қабылданатын Бірлескен декларацияда көрініс табатынын жеткізді.
Сондай-ақ бірінші "Орталық Азия - Италия" саммитінде Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.05.2025, 14:50 34496
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони тет-а-тет форматында келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Италия Министрлер кеңесінің төрағасына Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін алғыс айтты.
Сіздің бұл сапарыңыз - екіжақты ынтымақтастығымыздағы айтулы оқиға. Біз өзара байланысқа, достық пен сенімге құрылған қарым-қатынасқа айрықша мән береміз. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптесіміз. Бұл бекер емес. Екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауымыз қажет. Сіздің сапарыңыз қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз", - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының арнайы сессиясына қатысқаны үшін Италия Премьер-министріне ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Джорджа Мелони бұл сапардың Қазақстан мен Италия қарым-қатынасын жандандыруға ықпал ететінін айтты.
Еліңізге шақырып, қонақжайлық танытқаныңыз және Астана халықаралық форумында сөз сөйлеуге мүмкіндік жасағаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бұл форум диалог үшін маңызды алаңдардың біріне айналып келеді. Біз Қазақстанды Италияның стратегиялық серіктесі, ал Орталық Азия өңірін стратегиялық тұрғыдан маңызды тоғыз жолдың торабы ретінде қарастырамыз. Бізге диалог қажет. Мұны Өзіңіз де жақсы түсінесіз. Қазақстан - Италияның көптеген сала бойынша маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Әйтсе де, кеше айтқанымдай, энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттердің тәжірибе алмасуы, халықтар арасын жақындату бағыттарында бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар", - деді Италия Премьер-министрі.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды. Энергетика, аса маңызды материалдар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, сонымен қатар жаңартылатын қуат көздері салаларында байланыс орнату мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды. Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіне қатысты пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 18:06 38356
Олжас Бектенов пен Хаолян Шу Алматыда БҰҰДБ кеңсесін құру перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен кездесті. Онда Орталық Азия аймағындағы экология және климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру саласындағы ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу Қазақстанның басты басымдылықтарының бірі екенін атап өтті. ОДМ-ны іске асыру жөніндегі міндеттер бірқатар стратегиялық құжаттарға кіріктірілген. Жалпы, БҰҰ-мен әріптестік орнатқан жылдар ішінде елімізде түрлі салада 200 жоба жүзеге асырылған. Соның ішінде қазір Қазақстанда 35 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде, олар - денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялаудың кешенді тәсілдері; әлеуметтік қорғау бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру; энергия тиімділігі саласына инвесторларды тарту үшін жағдай жасау; ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты жүйесін ілгерілету; адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерінің тиімділігін күшейту және тағы да басқалар.
Кездесуде Алматыда БҰҰ ДБ-ның субөңірлік кеңсесін ашу перспективаларына назар аударылды. Ол Орталық Азияның сыртқы сын-қатерлерге төзімділігін нығайту саласындағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру бағытында жұмыс істейтін болады. Орталық Азия аймағы жаһандық сауда мен энергетикада негізгі ойыншылардың біріне айналып келеді. Әйтсе де, зор әлеуеті бола тұра, мұнда климаттың өзгеруінің салдары, су тапшылығы, сыртқы экономикалық сілкіністер сынды тағы да басқа сын-қатерлер туындап отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымымен әріптестікті нығайтуға үлкен мән береді. Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш арасындағы өзара конструктивті қатынас бірлескен бастамаларды ілгерілетуге қосымша серпін беріп отыр. Қазақстан климаттың өзгеруі проблемаларын шешуді толықтай қолдайды. Біз климатқа қатысты мәселелерді даму жоспарларымызға кеңінен енгізіп, халықаралық серіктестермен тығыз жұмыс істеудеміз. Біздің көміртегі бейтараптығы туралы стратегиямыз төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі нақты да ұзақ мерзімді перспективаларды қамтиды, әрі барлық секторлар бойынша қажетті негізгі өзгерістерді айқындайды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өз кезегінде Хаолян Шу БҰҰ ДБ-ның аймақтағы әлеуметтік және экологиялық бастамаларын жүзеге асыру жолындағы Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысында тараптар барлық перспективалық бағыттар бойынша серіктестікті дамытуға ықпал ету ниеттерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 17:33 42971
Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-министрі Анке Релингермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атап, бұл ел экономикамыздың жетекші инвесторының бірі саналатынын айтты.
Германия - біз үшін маңызды ел, Еуропадағы негізгі серіктесіміз. Сіздердің мемлекетпен ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Германияға жасаған сапарым туралы ойыммен бөліскім келеді. Өзім бұрыннан жақсы білетін Штайнмайер мырзамен келіссөз жүргіздім. Ал парламентаралық байланыстарға келетін болсақ, мен ықпалдастықтың бұл бағытын қолдаймын", - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттары жайында әңгімелеп берді.
Қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларды, цифрландыру және жасанды интеллектті дамытуға күш салу керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларын да өркендету қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси реформалар жүргізгенін жеткізді.
Заңнамаға, ең әуелі, Конституцияға жасалған өзгерістер Қазақстанның жаңғыру жолына түбегейлі түскенін көрсетеді. Әрине, реформалар жалғасып жатыр. Құқық қорғау және сот жүйесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл - өте маңызды. Бірақ мемлекеттің құрылымы, мен бұл жерде президенттік басқару жүйесі туралы айтып отырмын, бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттің сипаты осындай болуға тиіс. Бұл біздің түсінігімізге сай келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 16:45 43281
Қазақстан мен Руанда президенттері ынтымақтастықтың бірқатар басым бағыттарын анықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін елімізге келген Руанда Президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагаменің Қазақстанға 2015 жылы жасаған сапарынан кейін екі елдің өзара құрметке негізделген, ынтымақтастық пен орнықты дамуды көздейтін қарым-қатынасы айтарлықтай табысқа жеткенін атап өтті. Президент Қазақстанның Африка мемлекеттерімен байланысты кеңейтуге ерекше мән беретіне назар аударды.
Сіздің көреген көшбасшылығыңызбен Руанда даму даңғылына түсіп, институционалды орнықтылық пен болашаққа бағдарланған жаңашылдықтың үлгісін көрсетті. Еліңіздің экономикалық өсімі 8 пайыздан асты. Бұл - жаңғыртудың жарқын көрінісі. Осы орайда Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән береміз. Қазақстан екіжақты тиімді байланыстарды нақты жобалар арқылы ілгерілетуге дайын. Сіздің сапарыңыз барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Поль Кагаме көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның екіжақты ықпалдастықты дамытудағы күш-жігеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ Руанда мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің әлеуетіне тоқталып, екі елдің өркендеуіне және стратегиялық диалогтың нығаюына ықпал ететін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Астанаға екінші мәрте жолым түскеніне қуаныштымын. Қазақстан ұлттық даму жолында толайым табысқа жетіп, соның арқасында халықаралық аренадағы рөлі артып келеді. Біз Өзіңізбен және Сіздің еліңізбен серіктес әрі достас болғанымызға ризамыз", - деді Руанда Президенті.
Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың басым бағыттарын, соның ішінде сауда, инвестиция, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, электрондық үкімет және қаржы салаларындағы байланыстарды дамытуға уағдаласты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руанда Президенті Поль Кагаме Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Руанда Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасында саяси және дипломатиялық консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Руанда Республикасы Қаржы және экономикалық жоспарлау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Руанда Республикасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновация министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Руанда Республикасы Білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Руанда Республикасы Ауыл және мал шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6. "Самұрық-Қазына" АҚ мен Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім;
7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Руанда Республикасы Сауда және индустрия министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
9. "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.06.2025, 10:29Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерін бақылауды күшейтеді 05.06.2025, 09:33 846Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды05.06.2025, 09:37 456Қазақстанға Болгария президенті ресми сапармен келеді
29.05.2025, 14:34 106481Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр29.05.2025, 14:28 106376Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты29.05.2025, 14:22 98846Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді29.05.2025, 13:19 91816Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек29.05.2025, 09:35 88211Алакөлге кезекті субсидияланатын әуе рейсі ашылады
06.05.2025, 15:47 162056Астанада 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай қандай іс-шаралар өтеді?06.05.2025, 18:37 161826Алматыда биыл 800 экологиялық автобус сатып алынады08.05.2025, 14:24 150941Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 149411"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 147601Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады