15.06.2026, 17:31 54526
Қазақстан мәдениет, энергетика және экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Электр энергетикасы, су ресурстары және жаңартылатын энергия көздері министрі Субаих Әл-Мухайзиммен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар электр энергетикасы, су ресурстарын басқару және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, энергетикалық және су инфрақұрылымының орнықты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазіргі жағдайда энергетикалық және су қауіпсіздігі мәселелерінің ерекше стратегиялық маңызға ие екені атап өтілді.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Қазақстан Елшісі кувейттік тарапты су ресурстарын ұтымды пайдалану мен сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастаманың мақсаттары туралы хабардар етті.
Министр Субаих Әл-Мухайзим су қауіпсіздігі мәселелері Кувейт Мемлекеті үшін аса маңызды екенін атап өтті. Ол кувейттік тарап Қазақстанның бастамасын жан-жақты зерделеуге дайын екенін білдіріп, су саласындағы халықаралық бастамаларды қолдайтынын және жаһандық су проблемаларын шешу үшін халықаралық қоғамдастық күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика, су ресурстары және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 14:01 156
Қазақстан мен Хаиль арасындағы ынтымақтастық жаңа қарқын алды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Хаил провинциясына сапары барысында өңір басшылығымен және іскерлік топ өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Хаил провинциясының губернаторы ханзада Әбделазиз бен Саад бен Әбделазиз Әл Саудпен келіссөздерде екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық байланыстар атап өтіліп, өңіраралық кооперацияны тереңдету мәселелері талқыланды. Тараптар инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуетті жобаларды бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Өңірлік даму басқармасының басшысы Омар бен Абдулла әл-Абдулжаббармен кездесу барысында провинцияның инфрақұрылымдық және урбанистік даму жоспарлары қаралды. Тараптар логистика, тау-кен, "ақылды қала" технологиялары және туризм салаларында тәжірибе алмасу жайын сөз етті.
Сонымен қатар Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Әли бен Бандар әл-Судайримен екіжақты сауда-саттық көлемін арттыру жолдары талқыланды. Кездесуде бірлескен іс-шаралар, В2В кездесулерін ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импортын дамыту мәселелері ортаға салынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, Хаил провинциясының басшылығымен инвестициялық серіктестік пен агроөнеркәсіптік кооперацияны іс жүзіне асыру мақсатында тұрақты жұмыс деңгейіндегі байланыстарды орнату жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 13:53 81
Кувейт Қазақстанның цифрландыру саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытуда
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Ақпараттық технологиялар жөніндегі орталық агенттігінің (CAIT) Бас директорының міндетін атқарушы Наджат Хусейн Ибрахиммен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Елшісі кувейттік тарапты елімізде жүзеге асырылып жатқан цифрлық даму реформаларымен таныстырып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің заманауи цифрлық экожүйесін қалыптастырудағы қол жеткізілген нәтижелер туралы айтты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN E-Government Development Index) 193 мемлекет ішінде 24-орында тұрғаны және онлайн мемлекеттік қызметтердің даму деңгейі бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына кіретіні аталып өтілді.
Елші сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын атап өтті. Осыған орай елімізде жасанды интеллектті дамытуға, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге, IT-мамандарды даярлауға және мемлекеттік басқару мен экономикаға заманауи технологияларды енгізуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақстан тарапы азаматтар мен бизнеске мыңнан астам мемлекеттік қызметті электрондық форматта ұсынатын ұлттық электрондық үкімет жүйесінің мүмкіндіктерін де таныстырды. Бұл мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қашықтан алуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттыруда.
Өз кезегінде кувейттік тарап мемлекеттік басқаруды цифрландыру және электрондық қызметтерді енгізу саласындағы Қазақстан тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдіріп, еліміздің осы бағыттағы жетістіктеріне жоғары баға берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылау мақсатында жақын арада екі елдің бейінді ведомстволары арасында онлайн-кездесу ұйымдастыруға, сондай-ақ тәжірибе алмасу және практикалық өзара іс-қимылды дамыту мақсатында өзара сапарларды пысықтауға келісті.
CAIT (Central Agency for Information Technology) - мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау, электрондық үкіметті, ақпараттық технологияларды дамыту және ұлттық цифрлық стратегияны іске асыруға жауапты Кувейттің уәкілетті мемлекеттік органы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 13:16 516
Қазақстан Словенияда бай мәдени мұрасын таныстырды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Словения астанасында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің бастамасымен, Шымкент қаласы әкімдігінің және словениялық серіктестердің қолдауымен қазақстандық "Қаған" және "Яссы" этно-фольклорлық және би ансамбльдерінің қатысуымен ұлттық мәдени іс-шаралар легі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Жаз маусымының басталуындағы жарқын оқиғалардың бірі Люблянаның орталық алаңында өткен импровизациялық концерт болды. Бұл Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі ашылғаннан кейін қазақстандық шығармашылық ұжымдардың елдегі алғашқы өнер көрсетуі ретінде ерекшеленді. Домбыра, қобыз, дауылпаз және басқа да ұлттық аспаптардың әуезді үні, дәстүрлі музыкалық шығармалар мен көз тартар ұлттық киімдер қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Концерт словениялық көрермендердің, шетелдік туристердің және қазақ диаспорасы өкілдерінің зор қызығушылығын туғызып, олардың көпшілігі үшін Қазақстанның музыкалық дәстүрлері мен мәдениетімен алғашқы таныстыққа айналды.
Сол күні Люблянадағы тарихи-сәулет кешені - Križanke алаңында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің қолдауымен Lions Club Ljubljana Iliria ұйымы дәстүрлі халықаралық қайырымдылық Midsummer Night (Kresna noč) кешін өткізді. Өзінің 25 жылдан астам тарихында алғаш рет Қазақстан аталған іс-шараның ұлттық мәдени серіктесі ретінде қатысты.
Іс-шараға Словения Президентінің жұбайы Алеш Мусар, дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, Словенияның іскерлік, қаржылық және өнеркәсіптік топтарының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, қазақ диаспорасының мүшелері, сондай-ақ Любляна тұрғындары мен қонақтарын қоса алғанда 300-ден астам адам қатысты. Словения мемлекеті басшысының атынан сөз сөйлеген доктор Алеш Мусар Словения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және экономика, сауда, білім беру мен туризм салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті.
Мәдени бағдарламаның басты оқиғасы дәстүрлі қазақ музыкасы мен көне түркілік сарындарды үйлестіре білген "Қаған" және "Яссы" ансамбльдерінің өнер көрсетуі болды. Қонақтар Қазақстанның табиғи байлығы, тарихи-мәдени мұрасы және тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған фотокөрмені де тамашалады.
Іс-шара қатысушылары Қазақстанның туристік әлеуеті, заманауи дамуы, ұлттық тағамдары, мәдениеті мен дәстүрлерінің сан қырлылығын таныстырған бейнероликке ерекше қызығушылық танытты.
Кештің ерекше сәттерінің бірі белгілі словениялық кәсіпкер әрі меценат, Қазақстан Елшісінің Словениядағы экономика мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Янез Шкрабецке өзара құрмет пен достықтың белгісі ретінде дәстүрлі қазақ шапаны кигізілді. Қайырымдылық акциясынан түскен қаражат Шентвид-при-Стична қаласындағы балалар ауруханасының қамқорлығындағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.
Өткен іс-шаралар Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосып, Ұлы Дала мәдениеті мен дәстүрлерінің танымал болуына, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 12:08 1676
Астанада Азияның өңірлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
Сурет: kisi.kz
Достарға айту
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Хатшылығы ұйымдастырған Азия өңірлік ұйымдарының атқарушы құрылымдары басшыларының дөңгелек үстелі өтті. "Қауіпсіз әрі өзара байланысқан Азия үшін синергияны күшейту" тақырыбындағы іс-шара АӨСШК Хатшылығының құрылғанына 20 жыл толуына арналды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық зерттеулер институтының баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың жаңа мүмкіндіктері мен бастамалардың қайталануын азайту жолдарын қарастыру мақсатында Азиядағы көпжақты ұйымдар мен форумдардың қызметі бойынша мазмұнды пікір алмасты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар БҰҰ жүйесіндегі ұйымдардың қызметі мен басымдықтарын, сондай-ақ олардың қазіргі әлемде кездесіп отырған сын-қатерлерін талқылауға ерекше назар аударды.
Сонымен қатар өңірлік және жаһандық тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің артуы жағдайында Азия ұйымдарының атқарушы құрылымдары диалогты қолдау, сенімді нығайту және ынтымақтастықты дамыту бағытында қолданатын практикалық тәсілдер қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 09:58 4501
Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронаны қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты мажар әріптесіне екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен А.Исетов Будапештпен орнықты әрі өзара тиімді байланыстарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды.
Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде елдеріміз стратегиялық серіктестіктің орнатылғанына он жыл толуын атап өтті. Ашық диалог қағидаттарына сүйене отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілете дамыту үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет деп санаймын", - деді Министрдің орынбасары.
Елші О.Рона миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін қазақ тарапына алғысын білдірді. Мажар дипломаты өз елінің Қазақстанмен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Кездесу соңында А.Исетов мажар дипломатына сәттілік және алдағы барлық жоспарларының жүзеге асуын тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 19:58 15566
Ташкентте «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының саммитіне дайындық мәселелері талқыланды
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы жоғары лауазымды тұлғаларының екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында қатысушылар алдағы Саммитке дайындық барысын талқылап, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ә.Бақаев Саммитке дайындық жөніндегі бірлескен жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өтіп, аталған іс-шара өңірдегі орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетудің тиімді алаңына айналуға тиіс екенін айтты.
Сонымен Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чонг Ый Хиемен жеке келіссөздер өткілді.
Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінмен дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-корей әріптестігін одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара дайын екендерін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 14:42 21341
ЕАЭО мен БАӘ преференциялық сауда аймағын құрмақ
Достарға айту
Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Келісім қазақстандық тауарларды Біріккен Араб Әмірліктері нарығына шығаруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, тараптар тауар номенклатураларының кемінде 85%-ы бойынша тарифтік ырықтандыруға (импорттық кедендік баждарды алып тастауға) келісті. Сонымен қатар, Әмірліктер тарапы 6757 тауарлық позицияға (86,0%) преференциялар ұсынады. Оның ішінде 6565 позиция бойынша импорттық кедендік баж мөлшерлемелері нөлге дейін төмендетіледі, ал 192 тауарлық позиция бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз импорттауға арналған тарифтік квоталар белгіленеді.
Осылайша, БАӘ тарапы 6757 тауарлық позицияға (86,0%) преференциялар береді: 6565 позиция бойынша импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін нөлге дейін төмендету арқылы, ал 192 тауарлық позиция бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз әкелуге тарифтік квоталар белгілеу арқылы", - деп мәлімдеді Мәжілісте.
Ратификацияланған келісім Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің берік негізіне айналмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 14:34 21761
Орталық Азия елдері БҰҰ Жарғысына қол қою мерейтойына арналған "UN80" іс-шарасына қатысты
Достарға айту
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері БҰҰ Жарғысына қол қою мерейтойына арналған "UN80" іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Анналена Бербок мүше мемлекеттерді Жарғының кіріспесінде бекітілген негізгі идеялар мен құндылықтарды бейнелейтін символикалық құжатқа қол қою арқылы БҰҰ Жарғысына деген бейілділігін қайта растауға шақырды.
Орталық Азия мемлекеттері бұл бастамаға бірлесіп қосылған алғашқы өңірлік топ болды. Бұл өңір елдерінің БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, көпжақтылыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа және халықаралық құқыққа ортақ бейілділігінің айқын көрінісі болды.
БҰҰ Жарғысы күні жыл сайын 26 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1945 жылғы 26 маусымда Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына қол қойылуының құрметіне белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.06.2026, 09:58Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады 18.06.2026, 10:34 4176Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады18.06.2026, 11:31 3886Елімізде шілде айында бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады18.06.2026, 11:12 1441Алматы облысында ондаған адам сушиден уланып қалды18.06.2026, 10:18 1371Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы 251 млн теңгеден астам субсидия жымқырылған
12.06.2026, 20:00 132541Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 132071Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 131351Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 129361Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128981Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251681Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237391Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207821ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194896Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194876Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

