11.03.2026, 11:40 45931

Қазақстанның конституциялық реформасы және Чехиямен ғылыми-білім беру байланыстары CEVRO университетінде талқыланды

Қазақстанның конституциялық реформасы және Чехиямен ғылыми-білім беру байланыстары CEVRO университетінде талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың Прага қаласындағы CEVRO университеті жанындағы Азия-Тынық мұхиты аймағын зерттеу орталығына (CAPS) сапары барысында қазақстан-чех қатынастарын ілгерілетудегі сарапшылар қауымдастығының рөлі талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Орталықтың Консультативтік кеңесінің төрағасы Ян Заградил мен атқарушы директоры Ян Железны өз мекемелерінің академиялық және білім беру салаларындағы қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды. Бұл ретте Орталық Азияның саяси және экономикалық ерекшеліктерін зерттеуге деген қызығушылықтың артып келе жатқаны аталып өтті.

Осы орайда, чех талдаушылар қауымдастығы Қазақстанда іске асырылып жатқан ауқымды реформаларға, ең алдымен, жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасына ерекше мән беріп отыр.

Аталған реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, заң үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ әртараптандырылған әрі бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға бағытталғанына баса назар аударылды.

Орталықтың бейінін және оның зерттеулерінің ресми әрі іскер топтар арасындағы сұранысқа ие екенін ескере отырып, тараптар сараптамалық алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Чехияның талдау орталықтары мен академиялық қауымдастықтары арасындағы жұмыс байланыстарын дамытуға өзара мүдделілігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны