22.12.2025, 21:24 80986

Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды

Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды
Сурет: gov.kz
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Хатшылығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктеріндегі ақпараттық құрылымдар басшыларының жыл сайынғы консультациялары өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының баспасөз қызметтері өкілдерінің ҰҚШҰ Хатшылығымен Ұйым қызметін ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеу мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ жалған ақпарат пен фейктердің таралуына қарсы іс-қимыл, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын дұрыс мақсатта пайдалану мәселелері бойынша мазмұнды тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Тараптар өзекті ақпараттық материалдармен жедел алмасуға ерекше назар аудару жөнінде уағдаласты.

Осы тұрғыда қатысушылар ҰҚШҰ-ның беделін нығайту және танымал ету мақсатында медиа кеңістіктегі практикалық ынтымақтастықтың мақсаттарын жан-жақты талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны