07.04.2025, 18:29 57021

Тоқаев Сербия президентін Қазақстанға келуге шақырды

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Тараптар Қазақстан Президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны