24.07.2024, 20:19 43391

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Сайран Сайфеденов білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметінен. Сайран Сайфеденов 1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, Алматы үздіксіз білім беру университетін, Қазақ жол және қатынас университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Алмалы ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ қала әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданының әкімі лауазымдарын атқарды. Әр жылдары Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары, Әуезов ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны