02.09.2024, 18:14 36281
Астанада тағы 15 мектеп ашылды. Оның 9-ы - жайлы мектептер
Елордада білім күні 28 000 оқушы орнына арналған 15 жаңа мектеп ашылды. Оның 9-ы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған. Мектептер жаңа технологиялар мен жаңа талаптарға сай жабдықталған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жайлы мектептер салудың негізгі мақсаты - оқушыларға арналған жаңа орындар ашу, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою. Естеріңізге сала кетейік, оқу орындары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында салынып жатыр.
Оқу орындарының ашылуына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
Оқу орындары 15 жаңа жайлы мектеп ашу есебінен екі ауысымда 28 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді.
Мәселен, 9 жайлы мектеп мына мекенжайларда орналасқан: Көктал елді мекені, Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы; А. Байтұрсынов көшесі, №9 үй ауданы ("Highvill" ТК); Тельман елді мекенінің оңтүстік тұсы (Бағыстан); С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі); Төле би және Е758 көшелері (Сеул және Зеленый квартал ТК ауданы); Орынбор және №37 көшелері ("SOHO" ТК ауданы); Мәңгілік Ел даңғылы және Е497 көшесі (мешіт ауданы); Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы ("Поколение" ТК); Төле би - 24 көшелері (Барыс Арена).
Елордада қазір 188 мектеп жұмыс істейді, оның 110-ы - мемлекеттік, 71-і - жекеменшік және 7-еуі республикалық мектеп, жалпы 282 150 оқушы қамтылған.
Желтоқсан айында тағы 8 мектеп (6-ауы - жайлы мектеп, 2-еуі - жекеменшік мектеп) пайдалануға беріледі.
Осылайша, 1 қыркүйекте пайдалануға берілген мектептер есебінен үш ауысымда оқитын бес мектептің (№27, 41, 71, 79, 89), тығыздалған төрт (№17, 59, 67, 75) мектептің мәселесі шешілді.
Жаңа оқу жылында Астанада бірінші сыныпқа 28 000 бала барды. Қала мектептерінде барлығы 282 мыңнан астам оқушы оқиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.06.2025, 19:18 10646
Қазақстанда жетекші француз университетінің филиалы ашылады
Қазақстанда жетекші француз университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Францияның жетекші инженерлік мектебі - Grenoble INP - Phelma, UGA университетімен 2026 жылы Satbayev University базасында француз техникалық университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол жеткізді.
Келісімге қол қою рәсімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогенің қатысуымен өтті. Құжатқа екі университеттің вице-президенттері - Гюльген Алпан (Grenoble INP - Phelma, UGA) және Самғат Ермекбаев (Satbayev University) қол қойды.
Grenoble INP - Phelma, UGA - Еуропадағы ядролық технологиялар саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және өндірістік кластерлердің бірі. Университет ядролық физика, электроника және материалтану салаларында алдыңғы қатарлы білім береді. Оның инженерлік бағдарламалары THE және QS халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан жоғары бағаланған.
Satbayev University базасындағы Grenoble INP - Phelma, UGA филиалында ядролық инженерия және жаңартылатын энергия саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында 3+1 форматындағы қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады. Бағдарламалар Nuclear Engineering, Renewable Engineering және Advanced Studies сияқты сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды.
Аталған бағдарламалар Қазақстанда алғашқы атом электр станцияларын салу кезеңінде аса өзекті болып отыр. Бағдарламаға қатысатын студенттер Франциядағы АЭС-терде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл елдегі 56 ядролық реактор ұлттық энергетикалық баланстың 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Осылайша, түлектер отандық энергетика нысандарында жұмыс істеуге дайын, жоғары білікті әрі тәжірибеге бейімделген мамандар болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 19:14 22796
Еліміздегі жоғары оқу орындар экологиялық білім беруді дамытып, жасыл жобаларды іске қосуда
Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасын жоғары білім саласында жүйелі түрде жүзеге асыру туралы айтты. Еліміздің жоғары оқу орындары ауқымды ағарту іс-шараларын өткізеді, экологтардың жаңа буынын дайындайды және экологиялық бағдарланған ғылыми жобаларды әзірлеуге және енгізуге қатысады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Министр жоғары білім беру жүйесінде "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы айта келе, бастама шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 іс-шараны іске асыру жоспарланғанын жеткізді.
Жалпы, Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" акциясын жариялағаннан бері жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен 1500-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл шараларға жоғары оқу орындарынан 240 мыңнан аса адам қатысты. Барлық жоғары оқу орындары студенттері арасында "Taza Like" іс-шарасы шеңберінде экосағаттар өткізілді", - деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ 2024-2029 жылдарға арналған "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы шеңберінде велосипед күні, жасыл энергетика жүйесін құру, қоқыссыз кампус, саябақтар құру сияқты тағы басқа бірнеше тармақ іске асырылуда.
Осылайша, "Экологиялық білім беру" бағыты аясында халықтың экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстың қисынды жалғасы ретінде Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында мамандар даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастырады.
Министрдің айтуынша, міндеттердің бірі экологтарды даярлауға кәсіби стандарттарды енгізу болды. Бүгінгі таңда экологиялық бағыттар бойынша оқыту еліміздің 35 жоғары оқу орнында жүргізілуде. Тізілімге 143 білім беру бағдарламасы енгізілген, оның 70-і бакалавриат деңгейінде, 52-сі магистратура және 21-і докторантура деңгейінде.
Олардың қатарында "Табиғи-техногендік қауіптер", "Гидроэкология және трансшекаралық су қауіпсіздігі", "Табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік", "Экологиялық сараптама және тұрақты даму", сондай-ақ Environmental Sciences сияқты бағыттар бар.
2024-2025 оқу жылына "Қоршаған орта" бағыты бойынша 1796 мемлекеттік грант бөлінді. Бакалавриат - 1506, магистратура - 245, докторантура - 45. Сонымен қатар экология және тіршілік қауіпсіздігі пәні барлық мамандықтардың жалпы білім беру цикліне енгізілді.
Таза Қазақстан" тұжырымдамасы шеңберінде білім беру бастамаларымен қатар қолданбалы ғылыми және жобалық қызмет белсенді түрде ілгерілеуде.
Министр "Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану" бағыты 2025-2027 жылдарға арналған ғылымды дамытудың 7 басым бағытының қатарына кіргенін хабарлады.
Саясат Нұрбек 3 жылдық гранттық қаржыландыру аясында 318 жоба, ал бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 43 бағдарлама жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру конкурсы аясында жасыл технологияларға қатысты 23 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Мысалы, маңызды жобалардың бірі - "Электр көліктерін зарядтау станцияларын жаңғырту". Бұл жоба аясында республика бойынша 16 зарядтау станциясы орнатылып, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге келісімшарттар жасалды. Жоба электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамытуға және көміртегі шығарындыларын азайтуға бағытталған.
Тағы бір жоба - "Жасыл" технология стандарттарына сәйкес келетін газ тазарту жабдықтарын енгізу бойынша жаңа өндірісті ұйымдастыру". Жобаның негізгі артықшылығы - өнімділігі жоғары, пайдалану шығындары төмен заманауи газ тазарту жүйелерінің жобасын әзірлеу.
Сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру шеңберінде бірқатар жоғары оқу орындарында экологиямен байланысты жобалар іске асырылуда. Мысалы, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында кептірілген алма өндіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағында қияр, болгар бұрышы және көк шөп жылына екі рет, қызанақ бір рет жиналады.
Соңында министр мұндай жобалар білім беру мен өндірістің байланысын нығайтатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 14:23 22566
ҚазҰУ археологтары сақ дәуірінің алтын жүзігін тапты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы сақ дәуіріне жататын алтын әшекейлерді тапты. Тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен Алматы облысының Ұйғыр ауданында қазба жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тоғызбұлақ ауылының маңында ерте темір дәуіріне жататын қорғандар зерттелді. Мамандар ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан және 20-дан астам қорғаннан тұратын Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарында далалық зерттеулер жүргізді. Археологиялық нысандардың негізгі бөлігі тізбектеле орналасқан және солтүстіктен оңтүстікке бағытталған элиталық қорғандарға жатады. Тоғызбұлақ-2 қорымы ауылдың солтүстігінде орналасқан және жалпы саны 30-дан асатын түрлі қорғандардан тұрады.
Тарих ғылымының докторы, профессор Досбол Байғонақовтың айтуынша, Тоғызбұлақ-1 қорымындағы далалық зерттеулер барысында төрт қорған, ал Тоғызбұлақ-2 қорымында екі археологиялық нысан қазылды. Тоғызбұлақ-1 қорымындағы №3 және №4 қорғандардың үйіндісінен алтын әшекейлердің табылуы айтулы жаңалық болды. №4 қорғаннан ер мен әйелдің сүйектері табылды. Сүйек қалдықтарының жанынан керамикалық ыдыстар, темір заттар, тас келсап, жануарлар сүйектері, алтын тізбектің сынығы, әртүрлі алтын пластиналар және т.б. табылды.
№3 қорғанның үйіндісінен адамның сүйек қалдықтары, сондай-ақ алтын пластиналар табылды. Олардың арасында арыстанның суреті салынған алтын жүзік ерекшеленеді. Мұндай артефактілер сирек кездеседі. Салмағы 8 грамға жуық жүзік алтын құймасынан жасалған. Жүзіктегі арыстанның бейнесі синкретизммен тығыз байланысты. Бір қарағанда әйелдің жүзін, арыстанның тұмсығы мен жалын, тіпті бұқаны, қошқарды көруге болады, олардың таңбасы ежелгі тайпаларда кең тараған. Мамандардың айтуынша, мұндай жерлеу орындары мен артефактілер Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларына тән. Табылған қазбалар шамамен б.з.д. IV-III ғасырларға жатады.
Тоғызбұлақ-1 және Тоғызбұлақ-2 қорымдарынан табылған заттар ерте темір дәуірімен мерзімделеді және қазіргі Ұйғыр ауданының аумағы сақ мәдениеті орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 10:32 36211
Қазақстанда алғаш рет студенттер арасында қолдан жасалған көліктер жарысы өтті
Жетісу облысының Жыланды ауылында инженерия, робототехника және болашақ технологиялары саласындағы ең жарқын жастар фестивальдерінің бірі "Zhýlandy Fest - 2025" өтті. Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам дарынды оқушы мен студент қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара үш бағытты қамтыды: Future Race - болашақтың экологиялық жарысы (Жыланды - Төңкеріс бағыты бойынша), Zhýlandy International First Championship халықаралық робототехника турнирі, Open Day университеттер жәрмеңкесі.
Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған "Future Race" байқауында мектеп оқушылары мен студенттер құрастырған 9 тәжірибелік электромобиль жарыс жолына шықты. Қатысушылар тек жылдамдық үшін ғана емес, тұрақты көлік пен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша өз инженерлік шешімдерін көрсету үшін де бақ сынады. Жеңімпаздар көлік жылдамдығы мен жұмсалған энергия көлемі негізінде анықталды.
Future Race жеңімпаздарының қатарында 1-орынды Bulan командасы, Назарбаев Университеті жеңіп алса, 2-орын ALT Alash командасына тиесілі болды, 3-орынды Назарбаев Университетінің BBC командасы иеленді, 4-орын - Shalqar командасы, ҚБТУ, 5-орынға Zhel Zhylandy Engineering Legion командасы, Жыланды ауылындағы лицей-интернат ие болды.
Шара аясында өткен Open Day университеттер жәрмеңкесі аясында еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынды. Олардың қатарында SDU Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Логистика және көлік академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және басқа да оқу орындары бар.
Фестиваль қонақтары NASA байқауларының жеңімпаздарынан зымыран жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:58 39536
Түркістанда өткен XIII Жазғы Универсиада еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студентті біріктірді
2025 жылғы 10 мамыр мен 13 маусым аралығында Түркістан қаласында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында республикалық XIII Жазғы Универсиадасы өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған додаға еліміздің 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысты.
ХІІІ Жазғы Универсиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1-орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жеңіп алды. Университет спортшылары 31 алтын медаль иеленіп, Универсиада жеңімпазы атанды.
2-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті иеленді. Бұл жоғары оқу орнының спортшылары 21 алтын медальмен жалпы есепте үздік үштікке енді.
3-орынға Қазақ спорт және туризм академиясы тұрақтады. Академия спортшылары 19 алтын медаль жеңіп алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:33 45021
Вице-министр Қытайда өткен ШЫҰ ғылыми кеңесінде Қазақстанды таныстырды
Вице-министр Динара Щеглова Қытайда өткен ШЫҰ ғылыми кеңесінде Қазақстанды таныстырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
12 маусымда Қытай Халық Республикасының Чэнду қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы вице-министр Динара Щеглованың басшылығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ғылым және технология саласындағы министрліктері мен ведомстволары басшыларының 9-кеңесіне қатысты.
Кеңес аясында ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасы бекітіліп, 2030 жылға дейінгі ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды. Кеңес соңында қорытынды хаттамаға қол қойылды.
Сондай-ақ делегация "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында өткен Ғылым және технология саласындағы Екінші министрлік конференцияға қатысып, вице-министр Динара Щеглова ШЫҰ аясындағы Қазақстанның ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты басым бағыттары жөнінде баяндама жасап, аймақтың тұрақты дамуына ғылыми бастамаларды біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Конференция аясында Қытай Халық Республикасының Ғылым және технология министрінің орынбасары Линь Синьмен екіжақты кездесу өтіп, ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, зерттеу инфрақұрылымын дамыту тәжірибесімен алмасу және қолданбалы зерттеулерді қолдау мәселелері талқыланды.
Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жан-жақты әрі тұрақты сипатқа ие. Екі ел университеттері арасында 200-ден астам келісім жүзеге асырылып, халықаралық ғылыми жобалар орындалып келеді. Ауыл шаруашылығы, биотехнология, жасанды интеллект, сейсмология және экологиялық қалпына келтіру сияқты басым бағыттар бойынша бірлескен зертханалар құрылды. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдамалар мен бірлескен зерттеулерді қолдау бағдарламалары іске асып жатыр. Қазақстан-Қытай технология трансфері орталығын құру бастамасы да даму үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 10:43 54681
Оқу-ағарту министрлігі баланы балабақшаға қалай орналастыру керектігін түсіндірді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда 2025-2026 оқу жылына топтарды жинақтау қалай жүргізілетінін хабарлады. Балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген өңірлерде ваучерлерді бөлу кезек жаңартылғаннан кейін, нақтырақ айтқанда, 1 шілдеден бастап жүзеге асады.
Бұл Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қонаев, Қосшы, Талдықорған қалаларына, сондай-ақ Байзақ, Сарыағаш, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қатысты.
Ваучер алу үшін қажет:
1.Келісімді 2 жұмыс күні ішінде растау керек.
Ваучер расталмаған жағдайда өтініш белсенді емес болып есептеледі, ал ата-ана немесе заңды өкіл оны 28 күнтізбелік күн ішінде тек бір рет қайта қалпына келтіре алады.
2.Балабақшаны таңдап, құжаттарды жинап, келісімшартты 5 жұмыс күні ішінде рәсімдеу қажет.
Егер ваучерден бас тартса, кезек жойылады. Егер қалаған балабақшада бос орын болмаса, ата-ана баланы "күту парағына" қоя алады. Бос орын пайда болған жағдайда жеке кабинетке жаңа хабарлама жіберіледі.
Қалған өңірлерде жас ерекшеліктері бойынша топтар жинақтау 1 тамыздан басталады. Бос орын туралы хабарламалар алдымен кезекте тұрғандарға беріледі. Ата-анаға жолдаманы растауға немесе одан бас тартуға 2 күн беріледі. Егер жолдама расталса, 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырып, келісімшарт жасайды. Қажет болған жағдайда жолдаманы 30 күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзартуға болады.
Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 14:15 62716
Шемонаиха қаласында "Келешек мектебі" ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Теміржол шағын ауданында 300 орынға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді. Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан "Келешек мектебі" ұлттық жобасы аясында салынды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, бұл жоба тек жаңа ғимараттар салуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. "Мектептердің заманауи технологиялармен жабдықталуы, инклюзивті инфрақұрылым және қауіпсіз жағдай - өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алуына негіз болады", - деді аймақ басшысы.
Шемонаиха қаласындағы жаңа мектеп физика, химия, биология, математика, информатика, тілдер мен музыка пәндері бойынша интерактивті панельдермен жабдықталған арнайы кабинеттермен қамтылған. Оқушылардың инженерлік-техникалық дағдыларын дамыту мақсатында STEM-зертханалар, робототехника кабинеті және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың инженерлік сыныбы ашылған.
Мектеп оқушыларының кәсіби бағытталуын қамтамасыз ету үшін аспаздық, тігін, ағаш өңдеу шеберханалары мен IT-студия жұмыс істейді.
Инклюзивті білім беруге ерекше назар аударылған. Мектепте логопед, психолог, дефектолог кабинеттері, сенсорлық бөлмелер және арнайы білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге арналған С. Аманжолов атындағы ШҚУ қолдауымен ашылған "Danabala" кабинеті бар.
Мектеп инфрақұрылымына демалыс аймақтары, коворкинг, кітапхана және оқу залы, акт және хореография залдары кіреді.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі, кіруді бақылау, жеке шкафтар, лифт, пандус және тактильді белгілер орнатылған.
Шемонаихадағы мектептің ашылуы - "Келешек мектебі" ұлттық жобасының маңызды нәтижелерінің бірі. Бұл жоба балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, сапалы білімге қолжетімділікті арттыруды көздейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.07.2025, 13:43"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды 03.07.2025, 18:11 120471Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді03.07.2025, 18:14 120226Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды04.07.2025, 10:01 107061Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды04.07.2025, 14:41 98151Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
03.07.2025, 13:43 130241"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды13.06.2025, 15:35 1276312025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды13.06.2025, 15:21 126916Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды19.06.2025, 14:54 122281Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды03.07.2025, 18:11 120471Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді