Лиофилизация немесе сублимациялық кептіру - бұл мұздатылған өнімнен суды төмен қысымда буландырып, оның табиғи құрылымы мен пайдалы қасиеттерін сақтап қалатын озық технология. "Dayar 20" қондырғысы арқылы кептірілген өнімдер дәмі, түсі, иісі, пішіні және құрамындағы дәрумендерімен бірге ұзақ уақытқа жарамды болып қала береді", - деді жоба жетекшісі, химия саласындағы PhD, табиғи қосылыстар мен полимерлердің органикалық заттар химиясы және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, дәрілік заттардың органикалық синтезі және химиясы зертханасының меңгерушісі Ербол Ихсанов.
Dayar 20" - фермерлер үшін сенімді көмекші ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу саласын жаңғыртуға жол ашатын технологиялық серпіліс. Бұл құрылғы, әсіресе, таулы және шалғай аудандардағы шаруашылықтар үшін тиімді шешім. Инновациялық жобаны жүзеге асыру арқылы ҚазҰУ ғалымдары ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нақты үлес қоспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

