06.10.2025, 12:12 82196

Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда

Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Мұндағы мақсат - мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.

Осыған орай, қазақстандық мектептерде 2025-2026 оқу жылында техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және мәдениет, медицина және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар ашылуда.

Бейіндік сыныптар 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналып, өңірдегі жұмысшы мамандықтар немесе өзге де салалар бойынша кадр тапшылығын айқындайтын әрі сол мамандықтарға бағыттайтын бейіндік мазмұнда жұмыс істейді. Бұл процеске өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер де атсалысады. Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны