05.08.2024, 17:22 39416

ХҚКО білім беру гранттарын бөлу туралы егжей-тегжейлі айтып берді

ХҚКО білім беру гранттарын бөлу туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта республикада 119 ЖОО жұмыс істейді (11 - ұлттық, 29 - мемлекеттік, 14 - азаматтық емес, 1 - автономды білім беру ұйымы, 1 - халықаралық, 16 - акционерлік және 47 - жеке).

Студенттерде бірінші жоғары білімді байқаулық негізде, яғни мемлекеттік тапсырыс арқылы тегін алу мүмкіндігі бар. 2022-2023 оқу жылында бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі шамамен 73 мың грантты құрады. Оқудың ақылы түрі де кең таралған. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

2010 жылдың наурызында Қазақстан Болонья декларациясына ресми түрде қосылды және жоғары білімнің Европалық аймағының 47-толыққанды мүшесі болды. Осылайша, мамандарды даярлаудың үш деңгейлік үлгісіне көшу жүргізілді: бакалавр - магистр - доктор Ph.D.

Контингент 626208 адамды құрайды:

Бакалавриат - 578237 адам;

Магистратура - 35660 адам;

Докторантура - 6156 адам;

Резидентура - 6155 адам.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны