22.10.2024, 14:12 50641

Көлік министрлігі мен Атырау мұнай және газ университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Көлік министрлігі мен Атырау мұнай және газ университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚазжолҒЗИ" ұйымдастырған "Инновациялар және кадрлар: Батыс Қазақстандағы жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары" семинары аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.


Меморандум автожол саласында білікті мамандардың тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.

Меморандумның негізгі мақсаты - мамандарды кәсіби даярлау деңгейін арттыру. Тараптар университет оқытушыларының теориялық білімін және Көлік министрлігі қызметкерлерінің тәжірибесін біріктіре отырып, автожол саласында заманауи талаптарға сәйкес жұмыс істеуге қабілеті бар кадрларды даярлауды көздеп отыр. Сонымен қатар келісім аясында ғылыми зерттеулер жүргізу, көлік құрылысы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар студенттерді, магистранттарды және докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне және практикалық оқуға белсенді тарту көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны