17.06.2024, 20:04 40381

Жаңаөзендік 50 бала "Самұрық-Қазына" қолдауымен сапалы білім алып шықты

Балалар "Жарқын болашақ" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының қолдауымен "IQanat High School of Burabay" тәмамдады. Бағдарламаның басты мақсаты - Жаңаөзен мен Маңғыстау облысының балаларына еліміздің үздік мектептері мен колледждерінде бәсекеге қабілетті білім алуға мүмкіндік туғызу, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен. Бұл бастаманы 2022 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы көтерген болатын. Бірыңғай қайырымдылық оператор - "Samruk-Kazyna Trust" қорының қолдауымен 50 бала бірнеше іріктеу кезеңдерінен өтіп, білім гранттарын жеңіп алды. Бағдарлама қатысушылардың қатынау, тамақтану, тұрғын жай және мектеп формасына қатысты шығындарын толығымен көтерді. Грант иегерлері пәндер бойынша терең академиялық білім алуға ғана емес, сондай-ақ өздерінің қабілеттерін (soft skills) дамытуға мүмкіндік алды. Мектептегі оқытудың инновациялық әдістері балалардың екі жыл ішінде Қазақстанда және шетелдік үздік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін арттырды. "Осыдан екі жыл бұрын жаңа мүмкіндіктерге ұмтылу үшін үйлеріңізден алыс жерге келдіңіздер. Қор, өз кезегінде, сіздердің алаңсыз оқуларыңыз үшін қолайлы жағдай жасады, болашақ жетістіктерге жетелейтін алаң құру үшін барынша жағдай туғызуға күшін салды. Араларыңызда үздік оқу орындарына шақырту алған түлектер де бар. Ұстаздар мен ата-аналар қауымына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда!" - деді "Samruk-Kazyna Trust" КҚ бас директорларының бас директоры Альфия Адиева түлектермен болған кездесуде. Сонымен қатар, Қордың қолдауымен 177 бала еліміздің 9 өңіріндегі 45 арнаулы орта оқу орнына оқуға түсті. Олардың 36-сы биыл колледжді тәмамдайды, 2 түлек жұмысқа орналасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны