06.08.2024, 14:43 41741

Жайлы мектептер барлық орта білім беру жүйесі үшін "негізгі стандарт" болуы тиіс

Үкімет басшысы қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының жұмысын жаңа бәсекелестік деңгейге шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуы көбінесе өскелең ұрпақтың білім деңгейі мен бойындағы құндылықтарына байланысты екендігі атап өтілді.

Әртүрлі салаларда балалардың ізденіс, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын анықтау, білім берудің барлық деңгейлерінде олардың қабілеттерін барынша дамыту маңызды. Мектептер мен колледждердің және жоғары оқу орындары базасында студенттер мен оқытушылардың жетекшілігімен оқушылар өздерінің болашақ инженерлік идеяларын жүзеге асыра алатын, әртүрлі бұйымдар мен бөлшектерді құрастыруды және дайындауды үйренетін жалпыға бірдей қолжетімді үйірмелер, техникалық шығармашылық орталықтарын құру керек. Білім берудің барлық сатыларында сапа бойынша жаңа талаптар белгіленуі қажет. Орта білім саласында жайлы мектептер дамуға ықпал ететін "негізгі стандарт" болуы тиіс. Басқа мектептерді олардың деңгейіне бейімдеп, реновациялау қажет. Ал жоғары білім беруге келетін болсақ, ұлттық жоғары оқу орындарымыз бен жетекші шетелдік университеттердің филиалдары батып беріп отыруға тиіс", - деді Олжас Бектенов, Ғылым және жоғары білім министрлігіне олардың жұмысының күтіліп отырған нәтижесіне орай филиалдарға қойылатын талаптарды әзірлеуді тапсырды.


Тиісті сараптамалық кеңес құрудың және барлық университеттерге қойылатын талаптарды олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан қайта қараудың маңыздылығы атап өтілді. Жоғары оқу орындары кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеуге тиіс, ал студенттік, магистрлік жұмыстардың ел экономикасы үшін нақты нәтижесі болуы керек. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін бейінді министрліктер Ғылым мен технологияларды кеңінен танымал ету жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауы қажет.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесіне назар аударылды. Премьер-Министр сырттан келген бірде-бір студент баспанасыз қалмауы керек екенін атап өтті.

Өңір әкімдері, оқу-ағарту және жоғары білім министрлері айтылған мәселелерді жеке бақылауға алсын. Барлық білім беру объектілері оқу жылының басталуына 100% дайын болуға тиіс", - деп қорытындылады Үкімет басшысы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны