06.12.2022, 13:29 10486

Екібастұз ЖЭО-дағы апатқа тарифтік саясат әкелді - Жұманғарин

Екібастұз ЖЭО-дағы апатқа тарифтік саясат әкелді - Жұманғарин
Сурет: instagram/ete_ekb
Жүктеме негізінен бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғаларға жүктелді

Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Үкімет кулуарында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы ең ірі көмір кен орындарының біріне ие Екібастұздың неге жылусыз отырып қалу жалғасуда деген сұраққа жауап берді.
 

Менің ойымша, бұл әлеуметтік бағыттағы тарифтік саясаттың басым болуына байланысты. Жүктеме негізінен бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғаларға жүктелді. Тарифті саралау осылай жүргізілді, сондықтан өткен жылы тариф есебінен Екібастұзда 420 км желінің 619 метрін ғана жөндеуге мүмкіндік туды. Бұл 0,01% көрсеткіш ғана. Ертелі-кеш мұндай тарифтік саясаттың салдары байқалады. Өйткені мұндай нысандарды ұстау қымбат", - деді Серік Жұманғарин.

 
Спикер ел басшылығының апатқа дейін де бұл мәселеге назар аударғанын жеткізді. Тарифтік саясатқа жаңа тәсілдерді әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.
 
Оның айтуынша, Екібастұздағы жылу желілерінің ұзындығы 420 км жетеді, оның 322 шақырымы "Орталық Азия энергетикалық корпорациясы" АҚ (ОАЭК) тиесілі. Апат ОАЭК желілерінде болған.
 
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз ЖЭО-дағы апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Апаттан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке проблемалы энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды.
 
Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЖЭО-дағы апатты уақтылы қаржыландыру арқылы болдырмауға болатынын айтты.
 
Павлодар облысының прокуратурасыТЖ фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның тергеуін арнайы комиссия жүргізді. Екібастұздағы апаттыңсалдары әлі де жойылуда. Қалаға жөндеу жұмыстарына қосымша бригадалар келді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны