09.04.2021, 20:58 11371

Елорданың сауда ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері ашылады

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 600 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған.
НҰР-СҰЛТАН. 9 СӘУІР - Нұр-Сұлтанда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен көбірек қамту үшін қосымша пункттер ашылады. Атап айтқанда, қазір екі ірі СОО-да вакцинация жүргізуге дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы аптада қала тұрғындарын алдын ала жазылу бойынша ғана вакцинациялау басталды, деп хабарлайды ortcom.kz.
 

Халықтың екпе алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірге вакцинация пункттерін қаланың сауда және ойын-сауық орталықтарында орналастырылуда. Қазіргі кезде "Хан-Шатыр" және "MegaSilkWay" сауда орталықтарында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, халықты вакцинациялауға дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

 
Оның айтуынша, сауда орталықтарында 2 бригада түске дейін, тағы екеуі орталық жабылғанға дейін кезекшілік етеді. Бригадалар құрамында дәрігерлер мен медбикелер кіреді.
 
Халықты вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдардағы вакцинация пункттерінің саны 36-ден 100-ге дейін көбейтілді, ал жұмыс істеу уақыты 00:00-ге дейін ұзартылды.
 
Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 600 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған. 
 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциямен күрестің маңызды кезеңі - халықты вакцинациялау. Бұл вакцинация күшті профилактикалық шара болып табылады және оның пайдасы аурып қалу ықтимал қаупінен айтарлықтай зор екенін атап өтемін", - деп айқындады басқарма басшысы.

 
Бүгінгі таңда елордада 22 мың 500-ден астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Бұл медициналық қызметкерлер, оқытушылар, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар. Вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар тіркелмеген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны