21.07.2021, 23:33 8076

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН. 21 ШІЛДЕ - Синоптиктер 22-24 шілдедегі Қазақстандағы ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, ауа-райының тұрақсыз сипаты оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігінде сақталады. 
 
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста-найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. 
 

Жауын-шашыннан басқа ауа температурасының күндіз солтүстікте және орталықта 30-38 жылыға дейін, оңтүстікте 37-44 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, тек еліміздің батысында ғана 33-41 жылудан 25-33 жылуға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады", - деп мәлімдеді синоптиктер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны