16.05.2022, 16:39 11701

Экология министрлігі Каспий жағалауында табылған 60-тан астам итбалықтың өліміне қатысты түсініктеме берді

Каспий теңізінің жағасынан табылған өлі итбалықтар қыста қырылған болуы мүмкін.
Экология министрлігі Каспий жағалауында табылған 60-тан астам итбалықтың өліміне қатысты түсініктеме берді
Сурет: lada.kz
АҚТАУ. 16 МАМЫР - Каспий теңізінің жағасынан табылған өлі итбалықтар қыста қырылған болуы мүмкін. Мұндай болжамды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жасады.
 

Теңіз жануарлары мен бекіре тұқымдас балықтардың өлекселері қатты ыдырап кеткен, соның салдарынан зерттеуге тін сынамасын алуға мүмкіндік болмады. Демек, олар қыста өлген деп болжауға болады", - деп атап өтті Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.

 
Айта кетері, 14 мамырда Форт-Шевченко теңіз портының жағалау аймағында Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері 64 өлі итбалық пен 5 өлі бекіре тұқымдас балықты тапқан болатын.
 
Олар өлген жануарлар табылған жерден су мен ауа сынамасын алды. Зерттеу нәтижесі бір ай ішінде жарияланады.
 
Қазір балық инспекциясы жағалау аймағы мен Каспий теңізінің басқа бөліктерінде мониторингжүргізіп жатыр.
 
Еске сала кетейік, биыл сәуір айының соңында Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылған болатын.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны