14.03.2021, 16:25 8286

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

Алматы. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыдағы әскери ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты.
 

Қаза тапқандардың арасында төрт әскери қызметші бар: Аға лейтенант Досжан Баймұратов – 43 жаста, Сержант Евгений Васильков – 34 жаста, Лейтенант Мұхтар Сағынбаев – 26 жаста, Майор Ғабит Барлықбаев – 34 жаста", - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше, 13 наурызда, Алматы әуежайының жанында, Қызылту кентінің маңында АН-26 әскери ұшағы авариялық түрде қонды. Ұшақ құлап, өртенді. Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеді. 
 
Жарақат алғандардың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшін салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде Қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды. 
 
Қазақстан Президенті экипаждың төрт мүшесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, ұшақ апатының себебін анықтауды тапсырды. 
 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағы ведомствоның авиациялық қызметіне жататынын растады. Ведомство авиациялық оқиғаның себептеріне тексеру жүргізуде.

Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны