31.05.2021, 20:36 9204

Алматыда жаяу жүргіншілер көшелерінің бойына үйлер салуға тыйым салынды

Әзірлеушілер архитектуралық имиджге ғана емес, сонымен қатар автотұрақтарды, бірыңғай стильдегі шағын архитектуралық пішіндерді, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз өту аймақтарын, орындықтарды, урналарды, гүл алаңдары, балалардың ойын алаңдарын жасаулары тиіс.
АЛМАТЫ. 31 МАМЫР - Алматыда жаяу жүргіншілер көшелерінің бойына үйлер салуға тыйым салынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жаңа ережелер бойынша жаяу жүргіншілер көшелерінің бойында көпқабатты үйлер салуға, кварталдардан эвакуациялық шығуға тыйым салынады. Мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру ұйымдарын кіріктірілген нысандардың және 12 қабаттан жоғары көпқабатты үйлерде, сондай-ақ жер астына және қосалқы салынған автотұрақтардың үстіне орналастыруға жол берілмейді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.
 
А. Ахмеджанов Алматы қаласының аумағында, қала құрылысын арнайы реттеу аймақтарынан тыс жерлерде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жобалау және салу кезінде олар негізгі көшелердің қызыл сызықтарынан кемінде 6 метр қашықтықта, ал жергілікті жолдардың кемінде 3 метр алшақ орналасуы тиіс екені туралы айтты.
 
Осы талаптардың орындалуы құрылысты жобалау кезеңінде бақыланады.
 

Жаңа ережелерге сәйкес, әзірлеушілер архитектуралық имиджге ғана емес, сонымен қатар автотұрақтарды, бірыңғай стильдегі шағын архитектуралық пішіндерді, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз өту аймақтарын, орындықтарды, урналарды, гүл алаңдары, балалардың ойын алаңдарын жасаулары тиіс. Бұдан өзге, жайлы жағдайлар жасау үшін аулаларды жарықтандыру, демалыс аймақтары мен коммуналдық алаңдарды құру жөніндегі талаптар міндеттеледі", - деді Ахмеджанов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны