20.06.2022, 16:12 10641

ҚР ИИДМ Қазақстанның көмір тиелген ресейлік вагондарды кешіктіруі туралы хабарламаны жалған деп атады

Шын мәнінде, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ.
ҚР ИИДМ Қазақстанның көмір тиелген ресейлік вагондарды кешіктіруі туралы хабарламаны жалған деп атады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның көмір тиелген ресейлік вагондарды кешіктіруі туралы хабарламаны жалған деп атады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ТМД медиа-кеңістігінде Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттап тастаған деген жалған ақпарат таралуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті ресми түрде мәлімдейді: бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды, яғни жалған болып табылады", - деп мәлімдеді ҚР ИИДМ.

 
Министрліктің деректері бойынша, шын мәнінде, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ. РТЖ жолдарында да Қазақстанға бағытталған я болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген.
 

Ресей темір жолдарымен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ", – деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының басшысы Сәтжан Өзбеков.

 
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресейлік транзиттік вагондардың кешігуі туралы жалған ақпаратты – екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарды әлсіретіп, беделін түсіруге бағытталған қасақана жасалған іс-әрекет ретінде қарастырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны