01.07.2022, 16:48 22521

ВАК өңір "сары" аймаққа ауысқан жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады

ВАК өңір "сары" аймаққа ауысқан жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында өңір коронавируспен сырқаттанушылық бойынша" сары " аймаққа көшкен жағдайда қосымша шаралар қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғанындар санының артқанын атап өтті. Мәселен, өткен аптамен салыстарғанда жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80%-на жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар.
 
Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдады:
 
  • науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс жасау форматына көшіру;

  • COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасау форматына ауыстыру;

  • жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

  • 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну. 
 
Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.
 
Отырыс соңында Е. Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны