04.04.2023, 14:41 21681

Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ аяқталды

Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ аяқталды
Сурет: instagram/bilim_jane_gylym
Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 85 талапкер айрылды

Астана. 4 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ аяқталды. Ол 10 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жүргізілді, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
 
Орталықтың мәліметінше, Республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
 

78% талапкер шекті балл жинады; Орташа көрсеткіш 70 балды құрады; Ең жоғары балл -136; ҰБТ-ға 237 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты", - деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

 
Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 19%-ы "Математика-Физика", 19%-ы "Биология-Химия" комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа "Математика-Информатика" комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған.

telegram/Testcenterkz
 

Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 85 талапкер айрылды; тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 109 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды; бөгде тұлғалар анықталмады" ,- деп хабарлады орталықта.

 
Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ нәтижесімен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болатынын еске салды.
 
Еске салайық, ҰБТ бейнежазбаларын тексергеннен кейін 137 қазақстандық гранттан айырылған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны