17.04.2023, 11:05 44386

Астананың оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытуға көшті

Соңғы үш күнде елордада бір айлық нормадан артық жауын шашын түсті
Астананың оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытуға көшті
Сурет: gov.kz
Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Астана қаласының Білім басқармасы.

Елорда әкімдігінің ақпараты бойынша, ай сайынғы норма 22 мм болған жағдайда, Астанада тек соңғы үш күнде 37,6 мм қар жауды.

Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қар күреу жұмысына күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар немесе 1 671 жүк көлігі шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері бүгінгі күнге дейін полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 318 мыңнан астам рейс", - деді әкімдікте.


Ауа райының нашарлауына байланысты қалада көлік қозғалысының қарқындылығы төмендеді.

ТЖМ ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және ағымдағы тәулікте 112 желісіне 3500-ден астам қоңырау түскенін хабарлады.

Астана қаласы ТЖД бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, онда қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялады, адамдарды қалаға жеткізді", - делінген ТЖМ хабарламасында.


Қазіргі уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілер мен жолаушылар өте мұқият болуы, қауіпсіз қашықтықты сақтауы қажет", - деді ведомствода.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны