Алматы тұрғындары COVID-19-ға қарсы вакцинацияны қолдайды
Еліміздің ірі мегаполисінде тұрғындарды жаппай вакциналау жүріп жатыр. Екпе салынатын 200-ден астам пункт келушілерді қабылдауда. Вакциналау пункттерінің бір бөлігі ОСО мен базарлардың базасында ашылған. Екпе салдырған Алматы тұрғындары бұл қадамға не үшін барғандарын, процедураның қалай өткенін және қазір өздерін қалай сезінетіндерін айтуда.
Коронавирусқа қарсы вакцина алуға электронды жазылу 8 сәуірде басталды. Екпе салдыру үшін қалалық емханалар базасындағы пункттердің біріне аптаның кез келген күні сағат 8.00 мен 20.00 аралығында жазылуға болады. Коронавирустан вакциналау екі кезеңде өтеді. Алдымен бірінші инъекцияны салдыру қажет, 21 күннен кейін екіншісін алуға болады. Екпе алуға жазылғандардың бәріне СМС жіберіледі, онда қай күні және қай уақытта екпе алатыны көрсетіледі. Вакцинаны 18 және одан жоғары жастағы адамдар ала алады.
Егу пункттерінде білікті медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. Сонымен бірге, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларынан құралған еріктілер де қызмет етеді.
Вакцина алуға келген алматылықтар өз тәжірибелерімен бөлісуде және екпенің қаншалықты пайдалы екенін айтуда. Екпе алғандар арасында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ардагері, өмірінің 55 жылын медицинаға арнаған Зинаида Севрюкова да бар.
Мен коронавирустан екпе алуға саналы түрде келдім. Бұл инфекция өте қауіпті, сондықтан әрбір адам өзінің және жақындарының өмірі үшін вакцина алуы керек. Сонда ғана біз ұжымдық иммунитет қалыптастырамыз, ал бұл инфекцияның алдын алады, таралуына жол бермейді, ең қалыпты өмірімізге оралуға ықпал етеді", — деді медицина ардагері З. Севрюкова.
Алматы тұрғыны Алшынбай Нүсіпбаев та осындай пікірде.
Мен екпені жұбайыммен бірге алдым. Себебі жақындарымыздың, балаларымыздың денсаулығы үшін алаңдаймыз. Инфекцияны жұқтырмаудың бірден бір жолы — екпе алу", — деді қала тұрғыны.
Қала тұрғыны Андрей Богданов да вирусты тек вакциналау арқылы жеңуге болатынын және өзінің екпе алғанын айтты.
Вирусты жұқтырып, қатты ауырған таныстарым да, туыстарым да көп. Мен екпе салдыруға арнайы келдім, иммунитетті арттыратын да, коронавирусты жеңетін де вакциналану", — деп есептейді А. Богданов.
Вакциналанған алматылықтар әлеуметтік желілерде жиі пікірлер қалдыруда. Мысалы, инстаграм желісін қолданушы @asel.abd постында вакциналаудың бірінші кезеңінен өткенін және өзін жақсы сезінетінін жазған.
Бұл менің таңдауым және мен тек өзімді ғана емес, айналамдағы, әсіресе, туған-туыстарым мен жақындарымның денсаулығына қауіп төндірмейтініме сенімдімін", — деп жазыпты желіде @asel.abd.
Ворониндер отбасы үшін вакциналаудың маңызды екенін Ксения Воронина Фейсбукте жариялады.
Менің әжемнің жасы 74-те. Бүгін ол өз еркімен Алматыдағы емханада екпе алды", - деп жазды Ксения Воронина.
Дәрігерлер вакциналанған қала тұрғындарына екпе алғаннан кейін үш күн бойы өзіңді қалай ұстау керектігі айтылған жадынамалар береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.