17.06.2026, 14:20 111501

Алматы тұрғындары Көкжайлауға баратын бағыт бойындағы ағаштарға салынған белгілерге алаңдаушылық танытуда

Алматы тұрғындары Көкжайлауға баратын бағыт бойындағы ағаштарға салынған белгілерге алаңдаушылық танытуда
Алматы тұрғындары Казачка шатқалы арқылы Көкжайлауға баратын жол бойындағы ағаштарға белгілер салынғанына алаңдаушылық танытып, ағаштардың фото және бейнематериалдарын агенттік редакциясына жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, ағаш діңдеріне әртүрлі белгілер, соның ішінде цифрлар да бейнеленген. Бұл тауда серуендейтін тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып, жасыл желектердің кесілуі мүмкін күдіктің пайда болуына себепкер болып отыр.

Ағаштардағы белгілер үлкен мәселе болып тұр... Егер орман шаруашылығы құрылыстың қарқынды дамуын пайдаланып, осыншама ағашты жойып жіберсе, бұл нағыз қылмыс болады. Белгі қойылған ағаштардың басым бөлігінде қурау немесе жойылу белгілері мүлдем байқалмайды",- делінген редакцияға жолданған хатта.


Кадрлардан ағаш діңдерінің қабығы аршылған тұстарына цифрлар мен басқа да белгілер салынғанын көруге болады. Алайда әзірге бұл аумақтағы ағаштарды таңбалаудың себептері туралы ресми ақпарат жоқ.

Тұрғындардың өтініштеріне байланысты агенттік Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігіне, сондай-ақ сала мамандарына ағаштардағы белгілердің мақсатын түсіндіру туралы сұрау жолдады. Редакция ресми түсініктемелерді күтуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны