19.07.2021, 22:58 17117

Алматы әуежайының қызметкерлері ПТР-тесттерді қолдан жасап, сатқан

АЛМАТЫ. 19 ШІЛДЕ - Алматы Әуежайының екі қызметкері теріс ПТР сынақтарын жасағаны үшін ұсталды. 
 

Алматы қаласының халықаралық әуежайының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бірге, 1992 жылы туған Ж.есімді азаматты және 1993 жылғы И.есімді азаматты ұстады", – деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Белгілі болғандай, қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған, барлығы шамамен 15-20 анықтама сатылды. 
 
Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасады. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберді. Алынған қаражат өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінді.
 

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. "Сатушылар", ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ведомствада.


 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны