21.02.2024, 20:24 61041

Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөнінде кеңес құрылды

Алматыда инклюзивті ортаны дамыту жөнінде кеңес құрылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Барлық санаттағы мүгедек адамдардың мүдделерін білдіретін ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен Алматы аудандарының әкімдері енетін кеңестің құрамы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен XIV сессиясында бекітілді. Кандидаттарды іріктеу кезінде мүгедектердің құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы қоғамдық жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ заң шығару, ғылыми немесе сараптамалық жұмыс тәжірибесі ескерілді.

Кеңес төрағасы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, төрағаның орынбасарлары - әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова және әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова. Сондай-ақ, кеңес құрамына мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау саласындағы белгілі қоғам қайраткерлері Богдан Джепка, Татьяна Баклажанская, Майра Сүлеева, Әсия Ахтанова, Рауана Сағадиева және басқалары енді.

Жаңа кеңес жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын іске асыру және тіршілік үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша қызметті үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар қалада инклюзивті ортаны қалыптастыру мәселелерімен айналысатын болады.

Бүгінде Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 100 автокөлікте "Инватакси" қызметтері ұсынылады. 2023 жылдың шілдесінен бастап "Яндекс такси" такси агрегаторы арқылы қызметті іске асыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, бұл мұқтаждарды қамтуды 1,5 мыңнан 2 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша "Ten Qogam" мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы" әлеуметтік жобасын ауқымды ету бойынша шаралар қабылданды. Қала аудандарында 8 орталық ашылды, онда 2023 жылы 6 454 адам қызмет алды. 2023 жылы Алматыда интерактивті қолжетімділік картасына деректерді inva.gov.kz. енгізе отырып, қаланың 7,5 мың нысаны паспортталды.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны