12.03.2024, 22:54 42416

Алматыда нөсерлі жаңбыр жауады деп күтілуде

Түнгі және таңғы уақытта қаланың тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болуы мүмкін
2024 жылдың 12-14 наурызында Алматыда жаңбыр түрінде жауын-шашын жауып, арты сілбі қарға ұласады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Түнгі және таңғы уақытта қаланың тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан автокөлік жүргізушілерінен түнгі және таңғы уақытта қаланың таулы аймағында қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуді сұраймыз.

320 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдері мен қоқыс төгілген "ойық жерге" тазалау жұмысын жүргізуде. 12 наурыздағы жағдай бойынша 560 тонна қоқыс, лай мен мұз шығарылды. Күндізгі уақытта барлығы 465 бірлік арнайы техника мен 1020 жұмысшы жол жиегіндегі тазарту жұмысын жүргізуде.

Су басудың алдын алу мен проблемалық учаскелердегі судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жауын-шашын кезінде мотопомпа және шанц құралдарымен жабдықталған 52 мобильді жедел бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2 мыңнан астам құмға толы қап дайындалды.

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдегендей, қаланың жекелеген бөліктеріндегі су басудың негізгі факторы арық желісінің айналып өтуі, су бұру коллекторларымен қосылмауы, жаңбыр мен еріген судың табиғи ағып кетуіне кедергі келтіретін еніске қарсы учаскелердің болуы.

2022 жылы көктемде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша Алматы қаласының аумағында ең жиі су басатын 102 учаске анықталды. Соның ішінде ең қауіпті 56 және жоғары қауіпті 46 учаске бар. 2022-2023 жылдары су тасқынын жою үшін қолданыстағы 13 коллектор (11,8 км), 3 канал (9,4 км) қалпына келтіріліп, қосымша 6 коллектор (7,1 км), 6 канал (6,6 км) мен 100 км-ден астам арық желілерінің құрылысы жүргізілді. Кіреберістер қайта құрылып, перспективалық су бұру желілеріне қосылды. Сондай-ақ 3 өзен арнасының жағалауын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді (Ойжайлау өзені, Боралдай өзенінің сол шеті, Қарасу өзені).

Бүгінде 417 көшеде (100 км құрылыс пен 276 км қайта құру) жалпы ұзындығы 376 км арық желілерін салу мен реконструкциялау бойынша 3 жоба (батыс, орталық, шығыс бағыттарында) аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 103,5 км болатын 194 учаскедегі жұмыстар аяқталды. 22 учаскеде құрылыс-монтаждау жұмысы жүргізілуде.

2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені" жол картасы аясында Алматыда жалпы ұзындығы 21 км-ден асатын 4 өзен арнасының жекелеген учаскелері: Кіші Алматы, Тіксай, Есентай мен Жарбұлақ қайта жаңғыртылды. Селден қорғау бөгетінен №1 тұндырғышқа дейін ұзындығы 5,5 км болатын Үлкен Алматы өзені арнасының учаскесін реконструкциялау жұмысы 2024-2025 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бұл жобаның ЖСҚ-сы дайын. Бұдан бөлек бүгінде Қонаев атындағы ҮАК, Сапожников, Есентай, Қарғалы өзендері бойынша ЖСҚ әзірленуде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны