29.08.2025, 13:28 119241

Алматылықтарды алаңдатқан Есентайдағы судың түсіне қатысты министрлік не дейді  

Алматылықтарды алаңдатқан Есентайдағы судың түсіне қатысты министрлік не дейді
Сурет: Facebook: Victor Burdin
Алматыда Есентай өзенінің түсі өзгеріп, тот түске айналды. Бұл өзгерісті 28 тамыз күні кешке қала тұрғындары байқап, желіде жаза бастады, деп хабарлайды Inform.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, өзгеріс су арнасын тұрақтандырушы құрылғыны тазалау жұмыстары жүргізілгеннен кейін болған.

– «Қазселқорғау» мекемесінің ақпараты бойынша, өзен арнасында су ағысын тұрақтандыру құрылғысын тазалау жұмыстары жүргізіліп, соның салдарынан суға тот бөлшектер түсіп, түсі өзгерген, - делінген хабарламада.

Қазір арнайы зертхана мамандары өзен суын тексеріп жатыр.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны