06.06.2024, 16:05 53121
Алматының проблемалы аудандары сумен тұрақты қамтамасыз етілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматыда қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар белсенді қабылданып жатыр, деп хабарлады мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.
Биыл 17 мамырда "Балқаш" таза су резервуары пайдалануға берілді. Жоба аясында 6,9 мың текше метрге 5 резервуар және тәулігіне 7,3 мың текше метрге 3 ұңғыма салынды. Осы жылдың 1 маусымынан бастап Юбилейный, Каменск үстірті, Көлсай, Мұзтау шағын аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін резервуарға 6,1 км жаңа магистральдық желі салынды.
Былтыр желтоқсанда қуаты тәулігіне 15 мың текше метр болатын "Қарғалы" су жинағышының құрылысы аяқталды. 1 маусымда қолданыстағы желілер арқылы су беріле бастады. Сондай-ақ, 6,5 км кәріз коллекторының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан биыл қыркүйек айында аяқталады.
Ақсай" су жинағышының құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Оның қуаты тәулігіне 22 мың текше метр. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 50%. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.
Қарғалы", "Ақсай" және "Балқаш" ТСР су жинағыштары қаланың Наурызбай және Медеу ауданының 170 мың тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысының Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылдарының 40 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етеді.
Алматының жоғарғы бөлігінің тұрғындарын сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін осы жылдың ақпан айында тәулігіне 32 мың текше метр сумен жабдықтаудың резервтік схемасын салу жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Қазіргі таңда 6 ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар үшін 6 бірлік тереңдік сорғылары сатып алынды. Алаңдарда негізгі сорғы жабдықтары орнатылады. Резервтік схеманың құрылысын 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған. Бұл Алматының жоғарғы бөлігінің 50 мың тұрғынын үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.09.2024, 18:17 5851
Астанада Мәуліт кеші өтті
Достарға айту
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен "Пайғамбар - ізгі қоғам жаршысы" атты Мәуліт кеші өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәуліт кеші Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сөзімен салтанатты түрде ашылды. ҚМДБ төрағасы елорда жұртшылығын Мәуліт айымен құттықтады.
Қасиетті Мәуліт баршамызға мүбарак болғай! Біздің жыл сайын асыға күтетін Мәуліт мерекесінде қауышып, көріскенімізге шын жүректен қуаныштымыз".
Кеште қасиетті Мәуліт жыры оқылып, елдің амандығы үшін дұға жасалды. Сондай-ақ әсерлі жыр - термелер орындалды. Сол сияқты кеш көрермендері үшін арнайы көрме де ұйымдастырылды.
Айтулы кеште белгілі әнші, композитор Құрмаш Махан ән шырқап, "Номад" этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Сондай-ақ Аstana Musical театрының актерлері түрлі тақырыптарда қойылымдар ұсынды.
Мәуліт кешінің билеттерінен түскен қаражат толықтай қайырымдылыққа арналып, кеш соңында 10 адамға "Мәуліт сыйлығы" берілді.
ҚМДБ осы жылды дін саласында "Ислам және дәстүр құндылығы жылы" деп жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2024, 18:15 6056
Алматыда Almaty Marathon өткізу кезеңінде қоғамдық көлік қозғалысының сызбалары өзгереді
Достарға айту
Алматыда 29 қыркүйекте Almaty Marathon өтеді, осыған байланысты сағат 06.00-ден 12.30-ға дейін 74 автобус маршруттарының сызбалары өзгертіліп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
Әрбір маршруттың қозғалысының уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасында сілтеме бойынша толық танысуға болады: https://t.me/AlmatyJoly/1369
Еске салайық, 29 қыркүйекте сағат 6:20-дан 12:30-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Қашықтықтан өту барысында спортшылар трассаны ашады.
Марафонның басталуы мен аяқталуы Республика Алаңында болады, сондықтан Сәтбаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін екі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00-ден 29 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жабылады.
29 қыркүйек:
Назарбаев даңғылы бойымен Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі қозғалыс 6:25-тен 09:35-ке дейін толығымен жабылады. Достық даңғылымен екі бағытқа балама жол қозғалысы.
Әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі қозғалыс іс-шара күні сағат 6:30-дан 9:45-ке дейін ішінара жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөліктің өтуі үшін ашық болады. Батыс бағытта балама жол қозғалысы Төле би көшесі мен Абай даңғылында жүзеге асырылады.
Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін батыс бағытта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ішінара 6:35-тен 10:15-ке дейін жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Абай даңғылымен шығыс бағытта балама жол қозғалысы.
Саин көшесі бойымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта қозғалыс таңғы 7:00-ден 11:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша солтүстік бағытта балама жол қозғалысы.
Абай даңғылының шығыс бағытындағы Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:10-нан 11:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшесі бойынша балама қозғалыспен жүруге болады.
Абай даңғылындағы Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:20-дан 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Әл-Фараби даңғылы бойынша балама жол жүру.
Байтұрсынов көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 12:15-ке дейін толығымен жабылады.
Сәтбаев көшесі бойынша шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі қозғалыс 7:40-тан 12:30-ға дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Төле би көшесімен балама жол қозғалысы.
Шашкин көшесі бойынша әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:05-ке дейін толығымен жабылады. Марков көшесі бойынша балама жол қозғалысы.
Тимирязев көшесі бойынша Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:15-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен балама жол қозғалысы.
Байзақов көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:35-тен 08:50-ге дейін жабылады. Әуезов көшесі бойынша солтүстік бағытта, Манас көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалсы.
Құрманғазы көшесі бойынша Байзақов көшесінен Байсетов көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:40-тан 08:10-ға дейін жабылады. Төле би көшесі бойынша шығыс бағытта балама жол қозғалысы.
Абылай хан даңғылы бойынша Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі қозғалыс ішінара 7:45-тен 09:15-ке дейін жабылады. Қонаев көшесі бойынша солтүстік бағытта, Достық көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалысы.
Желтоқсан көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:50-ден 09:20-ға дейін жабылады. Достық көшесі бойынша балама жол қозғалысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2024, 16:33 20026
Абай және Қызылорда облыстарының аграршылары өз өнімдерін Астанадағы жәрмеңкеде ұсынады
Достарға айту
Осы демалыс күндері, 28-29 қыркүйекте Астанада Абай және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Екі облыстың аграршылары Астанаға нарықтық бағадан төмен бағамен 830 тоннадан астам жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде: ет, күріш, балық, көкеністер мен жемістер, өсімдік майы, сүт өнімдері, бал, қымыз, шұжық өнімдері, бақша дақылдары, ас тұзы, сондай-ақ сүт және кондитерлік өнімдер бар.
Жәрмеңкені өткізу барысында елорда тұрғындары мен қонақтары Абай және Қызылорда облыстары әртістерінің қатысуымен ойын-сауық концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жәрмеңке "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолы, 1-де өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін оны өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары жүреді.
Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2024, 13:49 20621
Астанада есірткі жарнамаларын өшіру іс-шарасы өтті
Достарға айту
Елорданы Алматы ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Рейдтік іс-шараны Алматы ауданының әкімдігі, прокуратурасы және полиция басқармасы ұйымдастырды. "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты волонтерлер де көмекке келді.
Бүгінгі іс-шараның нақты бағыты - наркотикалық және синтетикалық заттардың жарнамасын жою. Яғни, аудандағы үйлер мен мекемелердің қабырғаларына, тротуарлар мен жолға жазылған, наркотикалық және синтетикалық заттардың жарнамасы болуы мүмкін түрлі граффити, QR-кодтар, жазбалар, суреттер өшірілді. Әр нүктелерге барып, суреттер мен жазбаларды өшіруге бізге волонтерлер де қол ұшын беруде. Қазіргі кезде жазбалар мен суреттердің полиция анықтаған 15-ке жуық түрі белгілі. Бұндай белгісі бар граффити, QR-кодтарды бірден өшіреміз. Сондай-ақ басқа да сызбаларды тазалаймыз, өйткені бұл вандализмге жатады", - деді Алматы ауданы әкімдiгi ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 18:30 25991
Қорғаныс министрлігінің әскери дәрігері ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды
Достарға айту
Қорғаныс министрлігінің әскери дәрігері ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы бұл оқиға жайлы Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулиннің блогына келіп түскен хаттан білді.
Хат авторы Шолпан И. жоғары оқу орнының медицина қызметінің бастығы подполковник Ахмаджан Төленовке шын жүректен ризашылығын білдірген. 9 қыркүйекке қараған түні А. Төленов түріктің Анталья қаласынан Алматыға ұшып бара жатқан ұшақ бортында оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен.
Шолпанның айтуынша, ұшақта ол өзін нашар сезінген. Әйел стюардессаларды шақыратын түймені басып үлгергенімен, есінен танып қалған.
Мені ұшақтың дәлізіне жатқызды. Есімді жиғанда ең бірінші ер адамның көмек көрсетіп жатқанын сезіндім. Ол менің басымды қозғалтпай, мұрнымның астындағы нүктені басты. Содан соң менен хал-жайымды сұрады. Осы кезде мен қауіптің сейілгенін түсіндім. Өзімді қауіпсіз сезініп, тынышталдым", - деді Шолпан.
Бұл процеске сол рейспен ұшқан кардиолог та қосылды. Дәрігерлер әйелдің есін жиғызып, қан қысымын өлшеп, қажетті дәрі-дәрмектер берген.
Шолпан И. өз жазбасында есін жиып, үйіне аман-есен ұшып жетуге көмектескен кәсіби мамандардың дер кезінде көрсеткен көмегін ерекше атап өткен.
Әйел ес-түссіз халде болды. Денесі құрысып, суық тер шығып, бозарып кетті. Тағы бір жолаушының көмегімен біз оның миына дұрыс қан баратындай және тыныс жолдары ашылатындай етіп жатқыздық. Қажетті көмек беріп, есін жиғыздық. Денені дұрыс жатқызу және мұрынның астындағы жүйке шоғыры орналасқан нүктені басу тез арада есін жидыруға мүмкіндік берді", - деп нақтылады әскери дәрігер.
Ахмаджан Төленов - жалпы тәжірибелік хирург. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітіріп, орталық аудандық ауруханада қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. Қарулы күштердің Шымкент, Гвардейск гарнизондарында қызмет атқарған ол оқу-жаттығуларда өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Сондықтан мұндай сәтте қалай әрекет ету керектігін жақсы біледі. Ол өзінің қауырт жағдайдағы іс-әрекетін кәсіби және адамгершілік парызы деп санайды.
Әскери институт басшылығы жоғары қолбасшылыққа әскери қызметшіні марапаттау туралы қолдау хат жіберді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.09.2024, 18:44 30166
Астанада жылыту маусымы басталды
Достарға айту
Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.
Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылытуға қосылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2024, 16:17 35506
Қазақстандық ата-аналармен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланады
Достарға айту
23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтеді. Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ата-аналарға қауіп-қатерлерді дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар беріледі. Олардың ішінде - баланың мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі белсенділік мониторингі, мектеп ортасындағы құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді. Бұдан бөлек, мамандар баламен тұрақты қарым-қатынас жасаудың, ашық диалог үшін сенімді орта құрудың және ата-аналардың баласының өміріне ұдайы қатысуының маңыздылығына назар аударды.
Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тиіс. Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу - бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, сонымен қатар өз баласымен оны әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында апта сайын сынып сағаттары аясында "Қауіпсіздік сабақтары" өтуде, сабақ кезінде интернеттегі тәуекелден қорғану, өзін-өзі сақтау дағдыларын дамыту және түрлі қауіп-қатерлер жағдайында дұрыс әрекет ету тақырыптары қамтылуда. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар және педагогтер үшін психологиялық, құқықтық және әдістемелік кеңес алуға болатын психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Ал балаларға жасалған қатыгездікке куә болсаңыз, тәулік бойы қызмет ететін "111" нөміріне хабарласуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2024, 14:26 35291
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай жазушының зағип жандарға арналған кітабының тұсаукесері өтті
Достарға айту
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай жазушының зағип жандарға арналған кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада балалар жазушысы, ақын Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты халықаралық онлайн конференция өтті.
Оған Қазақстан, Ресей, Өзбектан, Қырғызстан, Татарстан зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапханалар қатысты. Жиында жазушы шығармашылығының өміршең тұстары, кейіпкерлерінің ерекше портреті жайлы пікірлер айтылды.
Конференция аясында "Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің атасы" атты көрме ашылып, оның нүктелі-бедерлі қаріпте басылып шыққан туындылары таныстырылды.
Сондай-ақ, Бердібек Соқпақбаевтың нүктелі-бедерлі қаріпте және аудио форматында жарыққа шыққан "Балалық шаққа саясат" кітабының тұсауы кесілді.
Сонымен қатар Қазақ зағиптар қоғамының көркемөнерпаздар ұжымы мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен Бердібек Соқпақбаевтың "Ана жүрегі" әңгімесінен театрландырылған қойылым көрсетілді.
Айта кетейік, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне енгізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.09.2024, 18:14Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды 26.09.2024, 16:23 52351Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр26.09.2024, 16:35 52096«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды25.09.2024, 18:46 51796Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды25.09.2024, 18:45 49976Бектенов Ақтаудағы МАЭК-ті жөндеу және су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді
29.08.2024, 17:19 113131Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 108906Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 108766Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді29.08.2024, 17:15 104186Қазақстандық шаруалар жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша 8 мыңнан астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды29.08.2024, 16:42 103026Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін марапаттады