14.11.2022, 14:50 15116

"АрселорМиттал Теміртау" 2023 жылы экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін - Брекешев

"АрселорМиттал Теміртау" 2023 жылы экологиялық рұқсатсыз қалуы мүмкін - Брекешев
Астана. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қандай талаптар қойылатынын атап өтті.
 

Біздің мақсатымыз – 2025 жылға қарай "Арселор Миттал Теміртау" шығынын 20 пайызға азайту. Осыған сәйкес бізге тапсырылған құжаттарда олар нақты қызмет түрлерін көрсетуі керек. Нақты шешімдер болмаса, біз оларға экологиялық рұқсат бермейміз", - деп жауап берді Серікқали Брекешев журналист қойған сауалға.

 
Сондай-ақ ол алдағы сәрсенбіде Қарағанды ​​облысының тұрғындарымен кездесетінін айтты. Сапар аясында Теміртауда үлкен жиын өтеді. Онда "Арселор Миттал Теміртау" және экологияға қатысты мәселелер талқыланады.

Еске сала кетейік, 3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды. Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртау"-дан миллиардтаған айыппұл талап етуге ниетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорында адамдар қаза тапқан тұрақты апаттарға байланысты "АрселорМиттал Теміртауды" кешенді тексеруді тапсырды.

Кәсіпорын өндірісті жаңғыртуға қаражат салуға міндеттеледі, деп хабарлады Сенат отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны