11.02.2022, 18:14 44496

Қаржы нарығын реттеу агенттігі несиелік рақымшылық туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады

Қаржы нарығын реттеу агенттігі несиелік рақымшылық туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады
НҰР-СҰЛТАН. 11 АҚПАН - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тағы да барлық қарыз түрлері бойынша "кредиттік рақымшылық" жарияланыпты-мыс деген ақпарат таратылуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды адастыру және салдары олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соғатын әрекеттерге итермелеу мақсатында таратылып жатқан ақпараттың дәйексіз екенін мәлімдейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚНРДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осыған байланысты Агенттік кредиттері бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен азаматтарға қолдау көрсету үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгенін хабарлайды. Кредиттер бойынша төлеу мерзімінің өтуі туындаған жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініштері қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады", - деп хабарлады агенттікте.

 
Қарызды қайта құрылымдау талаптары сыйақы мөлшерлемесін азайту; төлемді кейінге қалдыру; өтеу әдісін өзгерту; қарыз мерзімін ұзарту; мерзімі өткен негізгі борыш және (немесе) сыйақыны кешіру; айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және қарызға қызмет көрсетумен байланысты өзге де төлемдердің күшін жою және т.б. түрінде болуы мүмкін. 
 
Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге қол жеткізе алмаса, ол кредитордың жауабын алған күннен бастап 15 күн ішінде Агенттікке жүгінуге құқылы. Бұл ретте қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға өзінің өтініш бергенін және өзара ұдымды шешімге қол жеткізбегенін растауды міндетті түрде ұсынуға тиіс.
 

Қазақстанда 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (Бағдарлама) іске асыру жалғасып жатқанын да хабарлаймыз. Бағдарлама шеңберінде қарыз бойынша негізгі борышты жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен қайта қаржыландыру жүргізіледі. Қарыз алушының сыйақы, өсімпұл (айыпақы), айыппұлдар мен комиссиялар бойынша мерзімі өткен берешегін банктер кешіруге тиіс".

 
ҚНРДА азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ресми әрі тексерілген дереккөздерінен ғана алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұрайды.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны