03.06.2024, 20:12 53216

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта басталды

Жәрмеңке әр демалыс күндері таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді
Астанада жылдағы дәстүр бойынша елорданың және ел өңірлері тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта басталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Сарыарқа ауданындағы Б.Соқпақпаев көшесі, 21 үй жанында ашылған жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлері қатысып жатыр.

Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде көкөністер, жемістер, сүт, азық-түлік және ет өнімдері бар", - дейді Астана қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі маманы Нұрдәулет Қосман.


Жаңа мекенжай болғандықтан қала тұрғындары әлі үйренісе қоймағанмен, біртіндеп келіп, жәрмеңкеден күнделікті пайдаланатын тағамдарын сатып алып кетіп жатыр.

Әдетте мұндай жәрмеңкелер орталыққа таман ашылатын. Қазір біздің ауданнан ұйымдастырылып, табиғи таза өнімдерді жақын жерден сатып алу мүмкіндігі туып тұр. Қиярдың келісі 450 теңге, қызанақ 500 теңгеден екен, біздегі әлеуметтік базарлардың өзінде бұдан қымбаттау. Қаймақ және шұжықтары да сондай төмен бағада, өзім сол өнімдерді үйде көп пайдаланатын болғандықтан, арзан бағамен көптеу етіп алдым. Біртіндеп бұл жерге бәрі үйренісіп кетер деген ойдамын", - дейді елорда тұрғыны Майгүл Жансейітова.


Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны