13.06.2024, 12:43 32291

Астанада азаматтарға тегін құқықтық кеңес беретін іс-шара өтеді

Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі
Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ" жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараға заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. Тұрғындар 13 маусым күні сағат 16:00-18:00 аралығында №1 Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында (Сәбит Мұқанов көшесі, 2) құқықтық кеңес ала алады. Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны