20.08.2024, 09:16 65166

Астанада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады

20 тамыз күні елордада тағы бір Bus Lane жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында, екі бағытта іске қосылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта бұл аудан - қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді.

Bus Lane жолағы жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны