15.07.2024, 12:56 48596

Қастеев музейінде "Дәстүр - халық рухы. Дала қазынасы" атты көрме ашылды

Қастеев музейінде "Дәстүр - халық рухы. Дала қазынасы" атты көрме ашылды
Қастеев музейінде "Дәстүр - халық рухы. Дала қазынасы" атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінінен.

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде "Дәстүр -халық рухы. Дала қазынасы" атты көрмесі ашылды. Экспозицияда музей қорындағы Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысы ұсынылған.

Көрмеге келушілер қазақтың халық қолөнершілері мен әр ұрпаққа жататын сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен таныса алады. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.

Көрменің тағы бір тұтас бөлімі қабырғаға кестеленген түскиіздерге арналған. Киіз үйдің сәндік безендірілуінде төрден құрметті орын алып, отбасылық бақыт пен амандықты бейнелейді. Қазіргі сәндік-қолданбалы өнердің ең кең таралған түрі гобелендерге де арналған жеке экспозиция бар.

Аталмыш көрме қазіргі заманғы мәдениет тұрғысынан халық өнерін сақтау мен зерделеудің маңызын көрсетеді. Іс-шара 2024 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны