09.02.2024, 19:06 47121

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды

12 ай ішінде халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады
Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды
Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 033 546 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары - 12 451 004 (өсім 1,9%), ауыл тұрғындары - 7 582 542 адам (өсім 0,3%). 12 ай ішінде халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 257,3 мың адамға, көші-қон есебінен - 9 344 адамға. Өңірлер бөлінісінде табиғи өсімнің оң мәні СҚО-дан басқа барлық өңірде тіркелді, ал көші-қонның оң сальдосы бес өңірде байқалды - Алматы және Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында.

12 айда Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 ж. - 403,5 мың), оның ішінде 200,3 мыңы - ұлдар, 187,6 мыңы - қыздар. 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,50 құрады. Аталған кезеңде 130,6 мың адам қайтыс болды, бұл ретте өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,56 болды.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 26,78 адам), Түркістан (26,11) облыстарында және Шымкент қаласында (25,68) байқалды.

12 айда 1 жасқа толмаған 3215 нәресте қайтыс болды, 2022 жылмен салыстырғанда нәресте өлімінің коэффициенті төмендеп, 1000 туылғанға 7,69 құрады (2022 жыл - 7,97).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны