20.03.2024, 21:32 63691

Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті
Наурыз мейрамын тойлау кезінде еліміздің тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті.

Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді.

Жалпы ІІМ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны