24.03.2024, 21:55 60611

Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде

Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде
Сурет: Depositphotos
Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары", деп көрсетілген хабарламада.  


А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. Аурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін. А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны