Қазақстанда "Баспана хит" ипотекалық бағдарламасы осы жылдың соңына қарай аяқталады
Ұлттық Банкте бағдарламаның жабылуы ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігіне еш әсер етпейді деп мәлімдейді.
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАУСЫМ - Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін "Баспана хит" ипотекалық несиелеу бағдарламасы жабылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды Ұлттық Банк.
Қаржының белсенді түрде игеріліп жатқан ескере отыра, "Баспана хит" ипотекалық жобасы 2021 жылы аяқталады деген болжам бар", - деді Шолпанқұлов.
2018 жылы іске қосылған "Баспана хит" бағдарламасы бойынша баспанасы бар болса да, азаматтар алғашқы нарықтан да, қайталама нарықтан да үй ала алады. "Баспана хит" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 600 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 520,8 млрд теңгені құрайтын 56 752 қарыз берілген.
Тағы бір бағдарлама, 7-20-25, төртінші жыл жүзеге асырылуда. Жоба іске қосылған алғашқы жылы 3 289 несие берілген (39,4 млрд теңге), ал 2019 жылы – 8 723 несие (99,1 млрд теңге), 2020 жылы – 10 207 несие (120,8 млрд теңге) рәсімделген. Осы жылдың бес айы аралығында (қаңтар-мамыр) қазақстандықтар 73,9 млрд теңгеге 5 656 несие алған.
Халықтың жоғары сұранысы мен ипотекалық несиенің қарқынына қарап, біз "7-20-25" бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін, яғни бөлінген лимит таусылған соң аяқталады деп болжап отырмыз", - деді Шолпанқұлов.
Оның айтуынша, аталған бағдарламалармен қатар, Үкімет өзге де көптеген жобаны жүзеге асыруда, атап айтқанда, "Нұрлы жер", "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ".
"Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 25 жылға дейін 5% жеңілдікпен (бастапқы жарна 20% кем болмаған жағдайда – "5-20-25") жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) тарапынан әлеуметтік несие беріледі. 2019 жылы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арналған бастапқы жарнасы 10%, жеңілдетілген мөлшерлемесі 2% "Бақытты отбасы" бағдарламасы басталған болатын. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған "Шаңырақ" (5-10-20) атты әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халық тобына арналған жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама арқылы 20 жылға дейінгі мерзімге 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана алуға болады", - деп хабарлайды Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.
Қазіргі таңда "Отбасы банкінің" тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы да ипотекалық несиелендіру белсенді түрде жүзеге асып жатыр. Жас отбасылар жылына 6% мөлшерлемемен "Жас отбасы" бағдарламасы арқылы баспаналы бола алады. Сонымен қатар, жуырда мөлшерлемесі 12% "Ұмай" атты әйелдер ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.
Осылайша, несие нарығында жасын, әлеуметтік мәртебесін, кәсібін мен т.б. мәселелерді ескеретін әр-түрлі санаттағы адамдарға арналған жеңілдікпен берілетін ипотекалық бағдарламалардың үлкен таңдауы бар екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан, Ұлттық Банк тарапынан қаржыландырылып, жүзеге асырылып жатқан ипотекалық несиелендіруді қолдау бағдарламалары бойынша бөлінген лимиттердің игерілуі ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігіне әсер етпейді", - деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.