18.01.2022, 18:55 48346
Қазақстанда Омикронға байланысты жаңа шектеулер енгізілуде
Сурет: ortcom.kz
Шетелден келгендердің барлығында вакцинация мәртебесіне қарамастан, теріс ПТР тестінің міндетті түрде болуы. "Ashyq" бағдарламасы бойынша "жасыл" мәртебесі болған жағдайда ғана қызметіне рұқсат етілген объектілер тізбесі кеңейтілді",- деді ОКҚ брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Оның айтуынша, өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуға сараланған тәсіл қолданылады. Халық көп жиналатын объектілер үшін қосымша шектеулер енгізілді.
Министр "Омикронды" қарапайым тұмау ретінде қабылдауға болмайтынын айтты.
"Омикрон" штаммының ерекшелігі – оның аса жұқпалы болуында және оны қайта жұқтыру қаупі жоғары. Таралу коэффициенті - 1:5. Ол "Дельта" нұсқасынан 70 есе жылдам таралады. Соңғы тәулікте ғана 9 700 жағдай тіркелді. Тәулік ішіндегі мұндай сырқаттанушылық көрсеткіші бүкіл пандемия кезеңінде болмаған. Соңғы айда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық 20 есеге артты. Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел "қызыл" аймақта орналасқан", - деді Тоғжанов.
Сырқаттанушылық деңгейі бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау облысы көш бастап тұр.
Тоғжановтың айтуынша, тек мемлекеттік органдардың және қоғамның өзара жауапкершілігі ғана қауіпті вирустың таралу тізбегін тоқтата алады.
Бүгінгі таңда жалғыз дұрыс шешім — вакцинация және санитарлық нормаларды қатаң сақтау", - деді Тоғжанов.
Министр атап өткендей, көптеген азаматтарымыз оқшаулану талаптары туралы ұмытып, өзіне, отбасына, айналасындағыларға қауіп төндіреді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуден және оларға қатысудан аулақ болу керек.
Қазір демалатын уақыт емес, аурудың шарықтау шыңы әлі алда. Егер пандемия кезеңіндегі қайғылы оқиғалардың қайталануын қаламасақ, санитарлық қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауымыз қажет", - деп түйіндеді Тоғжанов.
Бұған дейін білім министрлігінің өкілдері Қазақстанда оқыту эпидемиологиялық жағдайға байланысты ішінара қашықтық форматта жүргізілетінін айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.06.2025, 14:16 4086
Абай облысында жоғалған баланы іздеп тапқан полицейлер марапатталды
Абай облысында жоғалған баланы іздеп тапқан полицейлер марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының әкімі Берік Уәли жоғалған 7 жастағы баланы тауып, аман-есен ата-анасына табыстаған полиция қызметкерлерін қабылдап, арнайы марапаттады. Аймақ басшысы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиевке кәсіби шеберлігі мен батылдығы үшін Алғыс хат табыстап, олардың әрекеті баршаға үлгі екенін атап өтті.
Бүгін - қос мереке. Тек Мемлекеттік қызметшілер күні ғана емес, сонымен қатар Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. 7 жасар баланы аман-есен табу - үлкен ерлік. Қиын сәтте батылдық танытып, өз қызметтеріңізге деген адалдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Іздеу жұмыстарына қатысқан полиция, ТЖ қызметі, еріктілер мен тұрғындарға әкімдік пен халық атынан алғысымды білдіремін. Бұл - адам өміріне деген нағыз жанашырлықтың үлгісі", - деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 21 маусымда 7 жасар Аманғали Бекболат Семей қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Хабар түскен бойда полиция, төтенше жағдайлар қызметі, Ұлттық ұлан, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, 1000-нан астам адам іздестіру жұмыстарына қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2025, 14:04 4381
Алматы тұрғыны алғашқылардың бірі болып жеке куәлігін онлайн рәсімдеді
Алматыда онлайн құжаттаманың цифрлық қызметін алғашқылардың бірі болып пайдаланған қала тұрғынына жеке басын куәландыратын жаңа құжат салтанатты түрде табыс етілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызмет 2025 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан бойынша пилоттық режимде қолжетімді. Енді әрбір азамат "eGov" электронды үкімет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жаңа жеке куәлік алу рәсімінен қашықтан өте алады. Келу тек соңғы кезеңде - дайын құжатты алу үшін қажет. Табыстау сенімнің, қауіпсіздіктің және халықпен жұмыс істеудегі заманауи тәсілдің символына айналған Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған республикалық имидждік науқан аясында өтті.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру - бұл азаматтардың қолайлығына жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар ашық және заманауи полицияның элементі. Біз цифрлық Қазақстанды қолдаймыз және халық пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды ашық, жылдам және қолжетімді ететін пилоттық жобаларға белсене қатысамыз", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.
Жақын арада жаңа онлайн сервисті пайдаланушылар санының артуы күтілуде, себебі цифрлық шешімдер уақытты үнемдеуге және құжат айналымын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 18:31 10231
Ел бойынша "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясының екінші онкүндігі өтіп жатыр
Ел бойынша "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясының екінші онкүндігі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 16-25 маусым аралығында "Таза Қазақстан" жалпыұллтық акциясы аясындағы екінші онкүндік өтуде. Бұл кезең абаттандыру, қоқыс орындарын жою, жасыл желектерді суару және күтіп-баптау барысын қоғамдық бақылау секілді мәселелерге арналады.
Игі іске Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жетісу облыстары мен Шымкент және Астана қалаларындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері белсене атсалысты.
Мониторинг барысында саябақтар мен қоқыс алаңдары, тарихи-мәдени ескерткіштер қаралды. Шара аясында ғимараттар маңы тазартылып, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, сыртқы ақтау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Түркістан облысында аталған акция аясында "Жасыл толқын" атты бірқатар көгалдандыру және ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қоғамдық бақылау нәтижесінде кеңес мүшелері санитарлық тазалықты жақсарту, абаттандыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, рұқсатсыз қоқыс алаңын жою, бейнебақылау орнату, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, эко-бақылау топтарын құру және заңбұзушыларға шара қолдану ұсынылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері тек ұсыныс білдіріп қана қоймай, аталған жұмыстарға өздері қатысып, қоғамға үлгі боларлық белсенді азаматтық көзқарас танытты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 15:39 10011
Астанада "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" жобасы өтті
Астанада ұлттық құндылықтар мен креативті индустрияны ұштастырған ерекше жоба - "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" өтті, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен "Хас шебер" отандық өнімді дамыту қауымдастығы ұйымдастырды. Оның басты мақсаты - дәстүрлі қазақ қолөнерін заманауи форматта қайта жаңғыртып, этнодизайнды дамыту және шығармашылық индустрияны қолдау.
Іс-шара аясында этно-өнер көрмесі, жәрмеңке, сән көрсетілімі, шеберлік сыныптары мен жастарға арналған дәрістер ұйымдастырылды. Келушілер ұлттық нақышта жасалған эксклюзивті бұйымдарды сатып алып қана қоймай, отандық дизайнерлер ұсынған заманауи этнокиім үлгілерін тамашалады.
Мұндай іс-шаралар халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, отандық өнімге сұранысты қалыптастырады. Біз осындай жобалардың жиі өтуін қалаймыз", - дейді "Хас шебер" қауымдастығының мүшесі, қолөнер шебері Жұлдызай Бабасова.
Жәрмеңкеге 15-ке жуық шебер қатысып, киім-кешек, аяқ киім, сөмке, зергерлік әшекейлер мен тұрмыстық бұйымдарын ұсынды. Жұлдызай Бабасова өз қолымен тоқып жасаған кроссовки, мокасин, шлепки секілді ерекше аяқ киімдерін де көпшілік назарына ұсынды.
Менің аяғымда ортопедиялық ерекшелік болғандықтан, өзім үшін арнайы аяқ киім тоқуды бастағанмын. Қазір бұл - сүйікті ісіме айналды. Сапалы жіптер мен табандарды пайдаланып, ыңғайлы әрі ерекше өнім шығарамын", - дейді іс-шараға қатысушы шебер.
Жобаға қатысқан тағы бір дизайнер - Айгерім Үсина. Ол киізден ұлттық стильде сәндік бұйымдар мен киімдер жасайды. Оның айтуынша, қолөнер - шығармашылық пен рухани байланыстың ерекше түрі.
Менің негізгі бағытым - авторлық қолөнер бұйымдары. Өзім ойлап тапқан, патенттелген "хан бас киімдерін" ұсынамын. Киіз басу ісімен көптен айналыспасам да, түрлі көрмелерге қатысып үлгердім", - дейді дизайнер.
Жоба тек бір реттік шара емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол отандық өнімді тұтыну мәдениетін қалыптастыру, креативті жастар мен шеберлер арасындағы ынтымақтастықты күшейту және ұлттық мұраны қазіргі заман талабына сай жаңғырту міндеттерін көздейді.
Осындай әдемі ұлттық киімдерді күнделікті өмірде де киюге болады. Бұл - сән ғана емес, тамырымызға оралу, ұлттық болмысымызды дәріптеу. Біз Re.women қауымдастығы ретінде бұл бастаманы толық қолдаймыз", - деді Respublica партиясының "Re.women" әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Сағди.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды қолөнершілерге серпін беріп, отандық шығармашылық индустрияның дамуына жол ашады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2025, 10:06 12386
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі инвестордың жобасын келісу кешіктірілді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі инвестордың жобасын келісу кешіктірілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде.
Бас прокуратура мен "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың кешенді өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды.
Атап айтқанда, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі заң талаптарына қайшы, инвестициялық келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны құру мерзімін 47 күнге (15 жұмыс күнінің орнына) дейін ұзартты.
Салалық қорытынды беру 9 жұмыс күніге кешіктірілді.
Сонымен қатар, өтінімді жалпы қарау және келісімнің негізгі шарттары туралы қорытынды дайындау мерзімдері бұзылды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінгі таңда прокурорлар 1 352 инвестордың 801 проблемалық мәселелерін шешті.
Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2025, 17:35 44051
Петропавлда Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы басталды
Петропавлда Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center креативті орталығында Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы басталды.
Оқыту бағдарламасына Қазақстанның барлық өңірінен келген креативті индустрия өкілдері қатысып жатыр. Оның ішінде тәжірибелі мамандар мен жас креаторлар да бар.
Бағдарламаның мақсаты - креаторларға шығармашылығынан табыс табуды үйретіп, инвестиция тарту үшін білім мен қажетті құрал ұсыну. Сонымен қатар, қатысушылар креативті қызмет бойынша құқықтық біліктілігін арттырады. Атап айтсақ, зияткерлік меншік құқығын қорғау, авторлық құқық және салық мәселелерімен танысады.
Акселерация аясында отандық және шетелдік киноөндіріс мамандарының шеберлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы креативті хабтардың резиденттеріне арналған онлайн трансляция жүргізіледі.
Іс-шара аясында "Кинодағы Абай бейнесі", "Қазақстандағы сериалға продюсерлік ету", "Анимациядағы коммерция мен шығармашылық", "Режиссер шығармашылығындағы өрлеу мен құлдырау", "Креаторларға арналған маркетинг" және т.б. тақырыптар бойынша шеберлік сабақтары өтіп жатыр.
Бұл - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Yandex Qazaqstan бірлесіп ұйымдастырған алғашқы акселерациялық бағдарлама. Алдағы уақытта оқыту тағы бес өңірде жалғасатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 18:01 52066
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Ақмола облысының Зеренді ауданында ауыл тұрғындары алкогольден бас тартуды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ең жарқын мысал - Қанай би ауылдық округі. Оның аумағына кіретін екі елдімекен алкогольдік ішімдіктерді сатудан бас тартты, ал мұндай байсалды өмір салтының басты нәтижесі - азаматтардың әл-ауқаты және жедел жағдайдың тыныштығы.
Ауылдық округ әкімі Медет Ақмағамбетовтің айтуынша, екі ауылда тұрғындар алгокольден өз еркімен бас тартқан және үш жылдан бері мұнда бірде-бір қылмыс, отбасылық-тұрмыстық жанжал немесе тіпті ұсақ бұзақылық тіркелген жоқ. Айта кетейік, округте "Зиялы қауым" бағдарламасын енгізу туралы бастама полицейлерден келіп түсті және оны жергілікті атқарушы органдар, жұртшылық және азаматтардың өздері белсенді қолдады.
Ақмолалықтар өзекті мәселелерді бірлесіп шешеді, профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, жастармен жұмыс істейді.
Зеренді ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Садырбаев бүгінгі күні курорттық өңірде 11 ауыл алкогольді сатудан толық бас тартқанын, бірақ басқа елді мекендердің тұрғындары да акцияға қосылуға ниет білдіріп отырғанын, сондықтан полицей болашақта мұндай ауылдардың саны едәуір көп болатынына сенімді екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 18:03 96161
Астанада демалыс күнгі жәрмеңке өтеді
Астанада 14-15 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар мен тосаптарды және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 14 және 15 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада тағы бір ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істеп тұр. Ол Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) орналасқан. Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін келушілер үшін ашық.
Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50 және 73 автобустары қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы жетуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.06.2025, 09:20Жоғары және жауапты миссия -Тоқаев судьяларды кәсіби мерекелерімен құттықтады 24.06.2025, 13:39 14196Қазақстанда жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау күшейтілді24.06.2025, 13:44 13896Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қазақстандық әуе компаниялары рейстерді уақытша тоқтатуда24.06.2025, 14:09 13131Алматы қаласында қала прокуратурасының "Құқықтық дәріхана" жобасы ісе қосылды24.06.2025, 14:12 12921Астанада Қазақстанда сутекті энергетиканы дамытудың перспективалары талқыланды
19.06.2025, 14:54 119781Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды19.06.2025, 14:53 115666Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды20.06.2025, 14:52 95831Қазақстанда әйелдер кеңесі қайта пайда болады20.06.2025, 12:43 92586Түркістан облысында суармалы судың тапшылығын шешу үшін жаңа су қоймалары салынуда20.06.2025, 12:52 92201Air Astana Атыраудан Дубайға қатынайтын рейстерді уақытша тоқтатты
02.06.2025, 17:03 154901Алматыда "Алма-Арасан" бұлағына бару уақытша шектеледі04.06.2025, 14:09 141386Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 133951Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 133706Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 133491Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты