09.01.2022, 11:45 316

Қазақстанда тәртіпсіздіктердің 5 мыңнан астам қатысушысы ұсталды

Қазақстанда тәртіпсіздіктердің 5 мыңнан астам қатысушысы ұсталды
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАҢТАР - Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған адам саны 5 мыңнан асты. Бұл туралы "Хабар 24" эфирінде Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 
 

Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев елдегі тәртіпсіздіктер туралы айтып берді. Ол Алматыдағы жағдайда жиналғандар ешқандай талап қоймағанын және сөйлесуден бас тартқанын мәлімдеді. 5 мыңнан аса адам ұсталды", - делінген хабарламада.

 
Айта кетейік, билік өкілдеріне күш көрсету, бұзақылық, адам өлтіру, тонау бойынша 125 соталды тергеу басталды. 
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны