12.01.2023, 10:36 52561

Қазақстандықтар Telegram-бот арқылы қаржы пирамидасын анықтай алады

2022 жылы қаржы пирамидаларын құру фактілері бойынша 85 қылмыстық іс жабылды, 29 қаржы пирамидасы жойылды
Қазақстандықтар Telegram-бот арқылы қаржы пирамидасын анықтай алады
Сурет: Depositphotos
Астана. 12 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі.
 

Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz(com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті. Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес", - деп түсіндірді ҚМА баспасөз қызметі.

 
2022 жылы ҚМА қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қаржы пирамидаларына қаражатты қайта тарту жағдайлары жиілеп кетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны