23.02.2024, 11:15 62281

Қазақстанның жеті облысында республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысы шектелген

Қазақстанның жеті облысында республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысы шектелген
Сурет: Depositphotos
23 ақпан сағат 09:30-дағы жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК.

Атап айтқанда, Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (шектеулі көрініс, боран).

1. Үшарал-Достық, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін (барлық көліктер үшін)

Қостанай облысында - жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

➡Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожолда

(екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. (барлық көлік түрлері үшін) ,

🚜Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп -ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны